Ерікті зейнетақы жарналары - зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді әдісі: Қарағанды ​​облысы, 15 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ерікті зейнетақы жарналары - зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді әдісі

Ерікті зейнетақы жарналары - зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді әдісі

Ерікті зейнетақы жарналары - зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді әдісі

            Жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде Қазақстанда жарналардың мынадай түрлері жүзеге асырылады: міндетті (жұмыс беруші ай сайын аударатын жұмыскердің жалақысының 10%), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс беруші өз бюджетінен төлейтін зиянды және қауіпті кәсіптер жұмыскерлерінің кірістерінің 5%), сондай-ақ, 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)  1975 жылы және одан кейін туған барлық жұмысшылар үшін (2024 жылы 1,5% - дан, 2028 жылы біртіндеп 5% - ға дейін). Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бар. Жеке тұлға өзі үшін және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат сала алады. Бұл жарналардың осы түрінің артықшылықтарының бірі.

Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер, Қазпошта арқылы, сондай-ақ, жұмыс берушіге өтініш беру жолымен аударуға болады, соның негізінде ол ЕЗЖ мәлімделген адамның пайдасына БЖЗҚ-ға аударатын болады. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін алушы БЖЗҚ зейнетақы ережелеріне сәйкес дербес айқындайды.           

             Шарт жасасу және ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ. ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу өтінішсіз тәртіппен мынадай негізде жүзеге асырылады:

           - ЕЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері;

           - БЖЗҚ-ға түскен бастапқы жарнаны жеке тұлғадан өз пайдасына немесе ЕЗЖ аудару кезінде үшінші тұлғаның пайдасына.

Пайдасына зейнетақы жарналары жүзеге асырылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректердің (ТАӘ, ЖСН, туған күні) арқасында жүзеге асырылады. БЖЗҚ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді және өзге де мәліметтерді мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

Қазақстанда ерікті зейнетақы жарналары салықтық артықшылықтарға ие. Мысалы, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеруге жатады. Яғни, бұл жағдайда жұмыс беруші салық салу кезінде жеңілдіктер алады.

Ерікті зейнетақы жарналары, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланады және салымшыларға табыс әкеледі. Әдепкі бойынша зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Алайда, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) аударуға құқылы, олар кірістілік пен тәуекелдің әртүрлі деңгейлері бар әртүрлі инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарын ИПБ 50% - ға дейін аударуға болатын болса, онда ерікті зейнетақы жинақтарын басқаруға толық көлемде беруге болады. ИПБ-дегі жинақтарды аудару салымшының өтініші бойынша жүргізіледі, оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны өзгертуге болады, бірақ жылына бір реттен жиі емес. Осылайша, зейнетақы активтерін басқаруға қатысу ЕЗЖ-нің тағы бір артықшылығы болып табылады.

Жарналардың барлық түрлері есебінен зейнетақы жинақтарының сомасын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте  24/7 режимінде оңай бақылауға болады.

ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Бұдан басқа, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ол мүгедектігі бар тұлғаларға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

Атап кету керек, зейнетақы жинақтары, оның ішінде ерікті зейнетақы жарналары бар адам қайтыс болған жағдайда, ол Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарының мұрагерлігі өсиет бойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған кезде немесе бүкіл мұраның тағдырын анықтамаған кезде, сондай-ақ, басқа жағдайларда мұрагерлік заң бойынша күшіне енеді.

БЖЗҚ сайтында оларды БЖЗҚ-ға беру тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған.

Жасы бойынша немесе мүгедектікке байланысты ЕЗЖ есебінен төлемдер алуға өтінішті enpf.kz  сайтындағы жеке кабинетте онлайн-форматта беруге болады.

Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның "Төлеуге арналған құжаттарды алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеруге болады.

 "БЖЗҚ" АҚ салымшының ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) аудару туралы уақытылы шешім қабылдауы оған зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және одан әрі қарай жоғары төлемдер алуға септігі тизетіндігін еске салады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Сарань»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<!DOCTYPE html> <html> <head> <meta http-equiv="Content-Type" content="text/html;charset=UTF-8"> </head> <body> <p>            Жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде Қазақстанда жарналардың мынадай түрлері жүзеге асырылады: міндетті (жұмыс беруші ай сайын аударатын жұмыскердің жалақысының 10%), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс беруші өз бюджетінен төлейтін зиянды және қауіпті кәсіптер жұмыскерлерінің кірістерінің 5%), сондай-ақ, 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)  1975 жылы және одан кейін туған барлық жұмысшылар үшін (2024 жылы 1,5% - дан, 2028 жылы біртіндеп 5% - ға дейін). Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бар. Жеке тұлға өзі үшін және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат сала алады. Бұл жарналардың осы түрінің артықшылықтарының бірі.</p> <p>Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер, Қазпошта арқылы, сондай-ақ, жұмыс берушіге өтініш беру жолымен аударуға болады, соның негізінде ол ЕЗЖ мәлімделген адамның пайдасына БЖЗҚ-ға аударатын болады. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін алушы БЖЗҚ зейнетақы ережелеріне сәйкес дербес айқындайды.           </p> <p>             Шарт жасасу және ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ. ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу өтінішсіз тәртіппен мынадай негізде жүзеге асырылады:</p> <p>           - ЕЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері;</p> <p>           - БЖЗҚ-ға түскен бастапқы жарнаны жеке тұлғадан өз пайдасына немесе ЕЗЖ аудару кезінде үшінші тұлғаның пайдасына.</p> <p>Пайдасына зейнетақы жарналары жүзеге асырылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректердің (ТАӘ, ЖСН, туған күні) арқасында жүзеге асырылады. БЖЗҚ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді және өзге де мәліметтерді мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.</p> <p>Қазақстанда ерікті зейнетақы жарналары салықтық артықшылықтарға ие. Мысалы, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеруге жатады. Яғни, бұл жағдайда жұмыс беруші салық салу кезінде жеңілдіктер алады.</p> <p>Ерікті зейнетақы жарналары, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланады және салымшыларға табыс әкеледі. Әдепкі бойынша зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Алайда, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) аударуға құқылы, олар кірістілік пен тәуекелдің әртүрлі деңгейлері бар әртүрлі инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарын ИПБ 50% - ға дейін аударуға болатын болса, онда ерікті зейнетақы жинақтарын басқаруға толық көлемде беруге болады. ИПБ-дегі жинақтарды аудару салымшының өтініші бойынша жүргізіледі, оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны өзгертуге болады, бірақ жылына бір реттен жиі емес. Осылайша, зейнетақы активтерін басқаруға қатысу ЕЗЖ-нің тағы бір артықшылығы болып табылады.</p> <p>Жарналардың барлық түрлері есебінен зейнетақы жинақтарының сомасын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте  24/7 режимінде оңай бақылауға болады.</p> <p>ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Бұдан басқа, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ол мүгедектігі бар тұлғаларға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.</p> <p>Атап кету керек, зейнетақы жинақтары, оның ішінде ерікті зейнетақы жарналары бар адам қайтыс болған жағдайда, ол Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарының мұрагерлігі өсиет бойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған кезде немесе бүкіл мұраның тағдырын анықтамаған кезде, сондай-ақ, басқа жағдайларда мұрагерлік заң бойынша күшіне енеді.</p> <p>БЖЗҚ сайтында оларды БЖЗҚ-ға беру тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған.</p> <p>Жасы бойынша немесе мүгедектікке байланысты ЕЗЖ есебінен төлемдер алуға өтінішті enpf.kz  сайтындағы жеке кабинетте онлайн-форматта беруге болады.</p> <p>Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның "Төлеуге арналған құжаттарды алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеруге болады.</p> <p> "БЖЗҚ" АҚ салымшының ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) аудару туралы уақытылы шешім қабылдауы оған зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және одан әрі қарай жоғары төлемдер алуға септігі тизетіндігін еске салады.</p> <p> </p> <p><em>БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және </em><em>акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ </em><a href="http://www.enpf.kz"><em>www.enpf.kz</em></a><em> сайтында).</em></p> </body> </html>

Аймақтағы жаңалықтар