Ерлік - елге ұран, ұрпаққа мұра
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев "Тағзым" алаңында өткен «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты салтанатты шараға қатысып, аймақ тұрғындарын құттықтады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз бүгінгі бейбіт өміріміз үшін жеңімпаз аға буынға қарыздармыз. Олардың өшпес ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Майдангерлеріміз жан аямай қорғаған азаттық, әділдік, теңдік құндылықтары Әділетті Қазақстан үшін де мызғымас темірқазық болып қала береді» деп ерекше атап өткен болатын.
Соғыс жылдары Сыр өңірінен 70 мың азамат майданға аттанып, оның 30 мыңнан астамы қаза тапты, хабар-ошарсыз кетті. Биылғы Жеңіс мерекесін 4 майдангеріміз қарсы алуда. Екі ғасырдың, алапат соғыстың куәгерлері, батыр аталарымызға барша Сыр жұртшылығы атынан амандық тілейміз, алдарыңызда бас иеміз», - деді аймақ басшысы.
Сұрапыл соғыс жылдары ерлік көрсеткен қаhармандар құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл қойылды.
Еске салсақ, соғыста Сыр елінің 21 азаматы ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағының Батыры атанды,20 мыңнан астам жауынгер орден- медальдармен марапатталды.
Бүгінде аймақта Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген 3948 ардагер бар. Мерекеде барлығына бюджеттен біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілді. Ұлы Отан соғысының 4 ардагеріне 2 млн 500 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -