«ЕврАзия Капитал» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ін лицензиядан айыру туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 24.09.2024 жылғы № 91 бұйрығына сәйкес «ЕврАзия Капитал» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – МҚҰ) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыруы лицензиядан айыру үшін негіздеме болды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-тармағының талаптарына сәйкес МҚҰ Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан аталған заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын білдіретін «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, одан туындайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін өткізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға тиіс.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес МҚҰ алдындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болады.
Байланыс нөмірлері : +7 (727) 237-11-11, ішкі: 6447; +7 (7212) 502-293, ішкі: 6050.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -