Финалдық серия жеңіспен аяқталды: Irbis-Alatau – Қазақстан чемпионы атанды
Атырау қаласында өткен ерлер арасындағы Баскетболдан Қазақстан чемпионатының финалдық сериясы аяқталып, Алматы облысынан бараған «Irbis-Alatau» командасы жоғары дәрежедегі ойын үлгісін көрсетіп жеңіске жетті. Кездесудің басынан-ақ Irbis-Alatau, ойында басымдылық танытып алғашқы минуттарда жігерлілік көрсетті.Бірінші ширекте жылдам алға шығу мүмкіндігі үшін нәтижелі шабуылдар ұйымдастырып, команда өз ұпайын 13 ке жеткізді. Қарсылас «Атырау Барсы» командасы қуып жету үшін үздіксіз шабуылдауға күш сала бастады. Нәтижесінде Атыраулықтар бірінші ширектің соңына қарай есеп айырмасын қысқарта алды. Дегенмен Алматы облысы 26-17 есебімен алғашқы ширекте ұпайларын толтырды. Осылайша ойын барысындағы төрт ширекте де «Irbis-Alatau» мойын оздырып,қарсыласын шаң қаптырды. Осы аталған ширектерде Атыраулықтардың бірнеше тәртіп бұзушылықтары байқалып, қонақтарға еркін лақтырыста ұпай алуға мүмкіндік берді.Су жаңа Қазақстан чемпиондары сапында ең үздік ойыншы Роберт Пан атанды. Ол 20 ұпай, 5 допты қақшу, 4 нәтижелі пас берді және 1 рет допты тартып алды. «Атырау Барсы» өз сапында 23 ұпай жинап, 5 допты қақшу, 9 нәтижелі пас және 3 допты тартып алуды жасаған Джарвис Гаррет үздік ойыншы атанды.Чемпионатта, Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы ХХХІІ Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша Irbis-Alatau -дан Роберт Пан және Маркус Майерс үздік ойыншылар атанды. Сонымен қатар стратегиялық шешімдері мен көшбасшылық қабілеттері арқасында Чемпионаттың үздік жаттықтырушысы болып «Irbis-Alatau» командасының жаттықтырушысы Чвирка Рамунас атанды.Чемпиондардың марапаттау рәсімін Қазақстан баскетбол федерациясының Бас хатшысы, Алмаз Ұзақов өткізді. Чемпионатты қорытындылай келе, ол биылғы жылдың жоғары деңгейде өткенін атап өтті: «Барлық командалар 100 пайыз күш жұмсады. Бірақ «Irbis-Alatau» командасы Чемпионат қорытындысы бойынша жеңіске жетті» - деді өз сөзінде.Ал енді жаттықтырушылардың пікіріне келсек, «Irbis-Alatau» бапкері Рамунас Цврика жеңістен кейінгі эмоцияларымен бөлісе отырып, - «Чемпионат аяқталғаннан кейін – жүрек толқуы басылып өзімізді еркін сезінудеміз. Биылғы чемпионат өте ұзақ болды. Барлық серияда жоғары деңгейде төрешілік еткен қазыларға алғысымды білдіремін. Қарсылас командаға да алғыс айтқым келеді. Саны аз болса да, өте талантты ойыншыларымыздың арқасында жеңіске қол жеткіздік. Жеңістің оңайы болмайды.Жеңілген кездерімізде болды» деді.«Irbis-Alatau» ірі жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионы атанды. Олардың матчтың басынан аяғына дейін белсенді және үйлесімді ойыны бұл атаққа қол жеткізуге мүмкіндік берді. «Irbis-Alatau» командасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! - деді «Атырау Барсы» бапкері Тигран Гокчян да өз әсерімен бөлісіп.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -