ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА: Түркістан облысы, 03 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА

ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА

ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА

ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА

ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА

28 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы бойынша Астана-Қонаев-Түркістан бағытында пресс-тур басталған болатын. Жоба аясында Түркістан өңіріне іссапармен келген экспедиция делегаттарымен бірқатар іс-шаралар өтті. Жоба

мақсаты – Қазақстан этностары өкілдерінің достығы мен татулығын, келісімін дәріптеу, ҚХА 30 жылдығына орайластырылған тақырыптық имидждік бейнероликтер түсіру. Блогерлер мен экспедицияның басқа да қатысушыларын этномәдени мұраның байлығымен, түрлі этностардың салт-дәстүрлерімен таныстыру. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының этникалық тегіне қарамастан Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді үйренуіне бағытталған жобаларын ақпараттық сүйемелдейді. Бірінші бағыт бойынша экспедиция мүшелерінің құрамында БАҚ-тың жетекші өкілдері – белгілі тележүргізушілер Надежда Палинка, Аделия Тухбатова, блогерлер – Алина Кан, Расул Серіков, Әділет Доқтырбек, қазақ тілінің жанашырлары Анастасия Нұғұманова, Анеля Пимичева, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері Рустам Қайрыев, Адам Бойсаев бар. Пресс-тур аясында экспедиция мүшелері Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйімен» танысты. Сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұжымымен және облыстық этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен кездесті. Кездесуде өңірде этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұдан соң экспедиция мүшелері этнос өкілдері арасында ұйымдастырылған «Кім білгір?» интеллектуалды ойынын көріп, «Татулық – табылмас бақыт» пікірталас алаңында сұхбат құрды. Пресс-турға қатысушылар бүгін «Достық үйінде» түрік, ұйғыр, шешен-ингуш, татар-башқұрт этностарының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі іс-шарасына қатысты. Сондай-ақ жоба аясында рухани шаһарда ұлттық киім үлгілерінің таныстырылымы мен ұлттық қолөнер және тағамдар бойынша мастер-класс өтеді. Айта кетсек, пресс-турға қатысушылар Астана-Павлодар-Өскемен бағыты бойынша сапарын жалғастырады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
28 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы бойынша Астана-Қонаев-Түркістан бағытында пресс-тур басталған болатын. Жоба аясында Түркістан өңіріне іссапармен келген экспедиция делегаттарымен бірқатар іс-шаралар өтті. Жоба <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>мақсаты – Қазақстан этностары өкілдерінің достығы мен татулығын, келісімін дәріптеу, ҚХА 30 жылдығына орайластырылған тақырыптық имидждік бейнероликтер түсіру. Блогерлер мен экспедицияның басқа да қатысушыларын этномәдени мұраның байлығымен, түрлі этностардың салт-дәстүрлерімен таныстыру. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының этникалық тегіне қарамастан Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді үйренуіне бағытталған жобаларын ақпараттық сүйемелдейді. Бірінші бағыт бойынша экспедиция мүшелерінің құрамында БАҚ-тың жетекші өкілдері – белгілі тележүргізушілер Надежда Палинка, Аделия Тухбатова, блогерлер – Алина Кан, Расул Серіков, Әділет Доқтырбек, қазақ тілінің жанашырлары Анастасия Нұғұманова, Анеля Пимичева, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері Рустам Қайрыев, Адам Бойсаев бар. Пресс-тур аясында экспедиция мүшелері Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйімен» танысты. Сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұжымымен және облыстық этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен кездесті. Кездесуде өңірде этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұдан соң экспедиция мүшелері этнос өкілдері арасында ұйымдастырылған «Кім білгір?» интеллектуалды ойынын көріп, «Татулық – табылмас бақыт» пікірталас алаңында сұхбат құрды. Пресс-турға қатысушылар бүгін «Достық үйінде» түрік, ұйғыр, шешен-ингуш, татар-башқұрт этностарының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі іс-шарасына қатысты. Сондай-ақ жоба аясында рухани шаһарда ұлттық киім үлгілерінің таныстырылымы мен ұлттық қолөнер және тағамдар бойынша мастер-класс өтеді. Айта кетсек, пресс-турға қатысушылар Астана-Павлодар-Өскемен бағыты бойынша сапарын жалғастырады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар