ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті қала тұрғындары!
Сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарттың талаптарына сәйкес, тұтынушы нақты ұсынылған қызметтердің мөлшері үшін ай сайын төлем құжатының негізінде есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде төлейді. Есептік кезең бір күнтізбелік айды құрайды.
Осы орайда тұтынушы ұсынылған қызметтер үшін төлем ақы мерзімі өткен жағдайда Шартқа сәйкес осы сомаларды төлеу күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді. Егер есеп айырысу кезеңнен кейінгі екі ай ішінде қызметтер үшін төлемақы жасалмаған жағдайда сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін көрсетуді тоқтатады. Бірақ, тұтынушыға көрсетілетін қызметті көрсетуді ұсынуды тоқтата тұрғанға дейін кемінде бір ай бұрын ескерту жүргізіледі. Екі айдан бастап төлем болмаған жағдайда берешекті сот тәртібімен өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілетін болады. ТҰРҒЫНДАР ЕСІНЕ! Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтері үшін берешектің болуы туралы ақпаратты алу үшін мына + 7 (725 2) 32 11 80 нөмірі бойынша «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС анықтамалық қызметіне жүгіне аласыздар.Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -