ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті қала тұрғындары!
Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған Жария шарттың талаптарына сәйкес тұтынушы ыстық су және жылыту қызметтері үшін төлемді есептік айдан кейінгі әр айдың 25-күнінен кешіктірмей жүргізетінін хабарлаймыз. Мерзім басталған кезде төлем болмаған жағдайда тұтынушыға төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін төленбеген сомалар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесі мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептелетін болады. Қарыз пайда болған сәттен бастап борышкерге алдын ала хабарланғаннан кейін ыстық су және жылыту қызметтерін беру тоқтатылады. Екі айдан бастап төлем болмаған жағдайда берешекті сот тәртібімен өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізіледі. Ыстық су және жылыту қызметтері үшін берешектің болуы туралы ақпаратты алу үшін мына + 7 (725) 256 5013 нөмір бойынша «Қуатжылуорталық-3» МКК анықтамалық қызметіне жүгіне аласыздар. Осыған орай, әр тұтынушы ыстық су және жылыту қызметтері үшін төлемді уақытында төлеу керектігін ескертеміз!Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -