ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі.
Тексеру барысында:
- Сиреналар іске қосылады;
- Телерадиоарналардың хабарлары уақытша тоқтатылады;
- Ұялы қосымшалар арқылы хабарламалар жіберіледі.
»Баршаңыздың назарына!!!» дыбыстық сигналы – бұл ескерту сигналы, ол халықтың назарын аудару үшін беріледі және төтенше жағдайлар немесе олардың қаупі туралы ақпаратты жеткізуге арналған.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырады. Бұл – тексеру мақсатында берілетін “оқу-жаттығу сигналы” екенін ескертеміз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -