Халықаралық Каспий теңізі күні: Астана қаласы, 12 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Халықаралық Каспий теңізі күні

Халықаралық Каспий теңізі күні

Халықаралық Каспий теңізі күні

Каспий – әлемдегі ауданы бойынша ең үлкен көл болып табылатын бірегей су айдыны. Каспий жағалауы бес мемлекетке тиесілі, соның ішінде Қазақстан, Ресей, Иран, Түркіменстан және Әзірбайжан.

12 тамызда Каспий маңындағы бес мемлекет халықаралық Каспий күнін атап өтеді.

2006 жылы Каспий теңізі мен қоршаған ортаны ластанудан қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция күшіне енді. Құжатқа 2006 жылы 12тамызда Тегеранда қол қойылды.

Каспий теңізінің ресурстарын практикалық пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі балық аулау және балық өсіру болып табылады.

Қазақстан Республикасы да биологиялық ресурстарды сақтау жөнінде қажетті шаралар қабылдауда.

Жыл сайын ғылыми зерттеулер ұйымдастырылады, оның шеңберінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларының жай-күйіне мониторинг және бағалау жүзеге асырылады, зерттеу нәтижелері бойынша тиісті ғылыми ұсынымдар әзірленеді. Осылайша, балықаулау ғылыми негізделген көлемде жүзеге асырылады, бұл теңіздің балық ресурстарын барлық балық түрлерінің табиғи популяциясына зиян келтірместен тұрақты пайдалануға мүмкіндік береді.

Каспий теңізі – бекіре тұқымдас балықтардың саны мен түрлерінің әртүрлілігі бойынша әлемдегі ең бай су қоймасы.

2014 жылғы 29 қыркүйекте Астрахань қаласында өткен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Төртінші саммитінің қорытындысы бойынша Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы Келісімге қол қойылды.

Осы Келісім шеңберінде су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі Комиссия құрылды. Комиссия ғылыми зерттеулер негізінде бірлескен су биологиялық ресурстарының жалпы жол берілетін аулау көлемін айқындайды және оларды ұлттық квоталарға бөледі, балықтың нақты түріне, сондай-ақ Каспий теңізінің белгілі бір аудандарына қатысты балық аулауға шектеулер немесе тыйым салуларды белгілейді.

Комиссияның маңызды шешімдерінің бірі 2014 жылдан бастап бекіре тұқымдас балық түрлерін коммерциялық аулауға бес жақты тыйым салуды енгізілген. Бұл ретте Қазақстанда бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салу 2010 жылдан бастап қолданыста.

Каспий теңізінде заңсыз балық аулаудың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды жандандыру мақсатында 2023 жылы ауыл шаруашылығы, ішкі істер министрліктері мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында Жайық-Каспий бассейні акваториясында браконьерлікке қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді.

Сонымен қатар, балықтың уылдырық шашу кезеңінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Жыл сайын«Бекіре»табиғат қорғау акциясы өткізіледі. Ағымдағы жылы ҚР ҰҚК құқық қорғау, табиғат қорғау органдары және Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп табиғат қорғау заңнамасын 945 бұзушылық анықталып, жолын кесті, браконьерлік және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерімен заңсыз қарым-қатынас жасау фактілері бойынша 71 қылмыстық іс қозғалды.

Бұл ретте сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлері мен басқа да су жануарларын сақтау бойынша шаралар дәйектітүрде қабылданады.

Мысалы, 2022 жылы ғылыми ұйымның ұсынысы бойынша күтім балығы Қызыл кітап түріндегі балық түрлерінің тізімінен алынып тасталды, бұл Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы кәсіпшілік балық түрлерінің түрлік құрамын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, каспий итбалығын сақтау үшін бірқатар шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, 2023 жылы мемлекеттік табиғи резерват құрудың жаратылыстану-ғылыми (ЖҒН) және техникалық-экономикалық негіздемесінің (ТЭН) жобалары әзірленді. Бүгінгі таңда ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.

Тиісті штат саны бар мемлекеттік табиғи резерват құру ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланып отыр.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Каспий маңы мемлекеттерінің қызметкерлерін және әріптестерді Халықаралық Каспий күнімен құттықтайды.

Ақпарат көзі: Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар