ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ: КЕНТАУДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Кентауда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында өткен жылы Құрманғазы көшесі № 60, 60а, 62, 64, Құралбаев №114, №116, №118, Әл-фараби №102 көпқабатты тұрғын үй аулаларына балалар ойын алаңшалары, «Стритбол и Воркаут» бұрынғы футбол алаңын күрделі жөндеуден өткізу, Ә.Бекенов көшесі №47,№47а, Ы.Алтынсарин №24 үй аулаларына балалар ойын алаңшалары, «Стритбол и Воркаут, Ромах 48/1 орналасқан Тәлімбақ аумағына футбол алаңы, балалар ойын алаңшаларын орналастыру жұмыстары жүргізілген.
Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы жалғасып Шүлембаев №8, 10 және Т.Рысқұлов №5,7,9 үй аулаларына, Шахтерская аумағына балалар спорттық ойын алаңшалары орналастырылды.
Сонымен қатар «Жасыл қала» КММ тарапынан қаладағы 13 қөпқабатты тұрғын үй аулаларындағы орналасқан ойын алаңшалары ағымдағы жөндеуден өткізілді. Аталған жұмыстар келер жылыда жалғасатын болады.
Жалпы, Кентау қаласында 56 көпқабатты тұрғын үй аулалары бар.
Соның 33 көпқабатты тұрғын үй аулаларына асфальт төсеу, балалар ойын алаңшасын орнату және абаттантыру мақсатында жобалау сметалық құжаттамалар әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылған. Қаржы қаралаған жағдайда аталған жұмыстар жүзеге асырылмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -