ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ: Түркістан облысы, 07 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

Халықтың әл-ауқатының арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Дегенмен, әл-ауқатты арттыру дегенді түрлі әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың көлемінің артуымен есептеуге болмайды. Бұл халықтың тұрақты және табысы мол жұмыспен қамтылуы, нарыққа қажетті кәсіпті игеріп, кәсіп бастауы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санының азаюынан байқалады. Ал, ол бағытта мемлекетімізде жыл сайын түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып, нәтижелі жұмыс жүргізіліп келеді.Бүгінде табысы аз азаматтарды әлеуметтік қорғау шаралары қолға алынып отыр. Мәселен, 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындаудың жаңа тәсілдері енгізілмек. Яғни, биыл жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға азаматтарды қиын өмірлік жағдайдан шығару үшін кешенді қолдау көрсетуге бағытталған АӘК беріледі.АӘК мыналарды көздейді:- шартсыз және шартты негізде тоқсан сайын берілетін ақшалай төлем. Еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасылар шартсыз көмек, ал құрамында жұмысқа орналаса алатын кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасылар шартты көмек алады;- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары. АӘК тағайындаудың барлық кезеңіне отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Келісімшартты бұзу әлеуметтік көмек төлеуді тоқтату және келесі 6 айда АӘК тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады;- табысы аз отбасылардың 1 жастан 6 жасқа толған балаларының әрқайсысына 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беріледі.Шымкентте 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,8 мың отбасындағы 45,9 мың адамға 5,4 млрд теңге көлемінде АӘК тағайындалды. Ал, АӘК алушылардың мектепке дейінгі жастағы 16,3 мың баласына 625,3 млн теңге көлемінде қосымша төлем беріледі.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы АӘК беру тетігі ашықтықты, әділдікті, еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету үшін қайта қаралды. Нәтижесінде 2023 жылы 12,7 мың отбасы немесе 65,9 мың адамға 6,3 млрд. теңге АӘК төленді. Ал, 2024 жылы АӘК алушылар саны 45,9 мың адамды немесе 8,8 мың отбасын құрады. Оларға мемлекет қазынасынан 5,4 млрд. теңге төленді. Бұдан біз АӘК алушылар саны жыл сайын төмендеп келе жатқанын байқаймыз.Шымкенттегі АӘК алушыларды аудандар бойынша зерделер болсақ, Абай ауданында – 31%, Әл-Фараби ауданында – 20%, Қаратау ауданында – 18,5%, Тұранда – 17% және Еңбекші ауданы тұрғындарының 13 пайызы АӘК алатыны анықталып отыр.Әлеуметтік мәртебесіне қарай АӘК алушылардың басым бөлігі балалар. Олардың үлесі 31 мың адамды, яғни 67,5 пайызды құрайды. Сондай-ақ, өтініш берген сәтте көмек алушылар қатарында жұмысы бар азаматтар – 16,8%, балаларға, мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға күтім жасайтын адамдар – 11,1%, студенттер – 2,6%, жұмыссыздар – 0,12% және басқа санаттағы адамдар – 0,9 пайыз екені анықталды.Мемлекеттің АӘК тағайындаудағы басты мақсаты – халықты еңбекке ынталандыру және еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сол арқылы табысы аз отбасыларды кедейлік жағдайынан шығару. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы табысы аз отбасыларға кешенді қолдау көрсету бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде сол жылдың соңында АӘК алушылар қатарынан 19 мың адам кедейлік жағдайынан шықты. Ал, 2024 жылдың қорытындысына сәйкес, кедейлік жағдайынан шыққандар саны 13,5 мың адамды құрап отыр.Мәселен, 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 12 926 азамат жұмысқа жарамды екені, оның ішінде 7 738 азаматтың өтініш берген кезде жұмысы бар екені анықталған. Оларды тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында 480 адам нәтижелі жұмыспен қамту шараларына қатысқан. Атап айтсақ, ​308 азамат тұрақты жұмыс орындарына, 48 азамат қоғамдық жұмыстарға,​ 18 маман «Жастар практикасына», 17 маман әлеуметтік жұмыс орындарына, 43-і кәсіпкерлік бастамаларды ілгерілету бойынша, ал 46 азамат біліктілігін арттыру шарасына қатысқан.2023 жылы Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) іске қосылды, ол 84 параметр негізінде еліміздегі отбасылардың әл-ауқатының деңгейін анықтайды. ОЦК деректері негізінде мемлекеттік органдар мен әкімдер әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу үшін өңірлердегі ахуалды талдай алады.Биыл әлеуметтік әл-ауқат деңгейінің көрсеткіштері бойынша ОЦК-да D және E санаттарына жатқызылған отбасылар санын азайту бойынша әкімдердің KPI енгізілді. Әкімдер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп отбасыларды дағдарыс және мүшкіл санаттардан неғұрлым қолайлы санаттарға көшіру жөнінде шаралар қабылдауда. 2024 жылдың 19 желтоқсанындағы жағдай бойынша аталған контингенттің саны 17,9 %-ға азайды.Биыл, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен айқындалады.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп ОЦК деректері бойынша тоқсан сайынғы медиандық кіріс мөлшеріне есеп жүргізді. Оның нәтижелері бойынша кедейлік шегі медиандық кірістің 35% деңгейінде, бірақ қазіргі деңгейден төмен емес, яғни өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде айқындалады.2025 жылы материалдық жағдайды зерттеу негізінде отбасылардың АӘК көрсетуге мұқтаждығы туралы қорытындылар шығаратын учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландыру жүзеге асырылмақ. Бұл комиссиялар үшін FSM Social мобильді қосымшасы жасалды. Оның артықшылығы:- геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны);- жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату;- зерттеу жүргізу және шешім шығару кезінде формальды тәсілді алып тастау.Мобильді қосымша пилоттық режимде Алматы облысының Қонаев қаласында сыналды. 2025 жылғы қаңтардан бастап FSM Social қосымшасын республика көлемінде қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК-ке үміткер азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін олардың келісімін ала отырып, сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарланған.АӘК тағайындау кезінде екінші деңгейдегі банктерден азаматтардың кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер алу алгоритмі жүзеге асырылады.Өтініш беруші АӘК алу үшін уәкілетті органға жүгініп, пилоттық жобаға қатысуға өтініш береді. Осыдан кейін өтініш берушінің отбасындағы барлық кәмелетке толған адамдарға жеке телефон нөмірлеріне 1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі, оған олар бір жұмыс күні ішінде жауап беруі тиіс.Ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты жинау өтініш берушіден және оның отбасы мүшелерінен мемлекеттік органдар мен екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері арқылы жиынтық түрде келісім алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Егер банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының мөлшері кедейлік шегінен аспаса, онда АӘК қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалады.2025 жылы Шымкент қаласында 24721 жаңа жұмыс орны ашылып, қаланың өндірістік-экономикалық ахуалымен қатар әлеуметтік жағдайында да үлкен өзгерістер орын алады деп күтілуде. Ең бастысы, мемлекеттік бағдарламалар негізінде «Екі қолға – бір күрек» алуға құштар, жұмыстан қорықпайтын азаматтар барда халықтың әлеуеті жақсара түсеріне сенім мол.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов



Ақпарат көзі: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Халықтың әл-ауқатының арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Дегенмен, әл-ауқатты арттыру дегенді түрлі әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың көлемінің артуымен есептеуге болмайды. Бұл халықтың тұрақты және табысы мол жұмыспен қамтылуы, нарыққа қажетті кәсіпті игеріп, кәсіп бастауы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санының азаюынан байқалады. Ал, ол бағытта мемлекетімізде жыл сайын түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып, нәтижелі жұмыс жүргізіліп келеді.Бүгінде табысы аз азаматтарды әлеуметтік қорғау шаралары қолға алынып отыр. Мәселен, 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындаудың жаңа тәсілдері енгізілмек. Яғни, биыл жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға азаматтарды қиын өмірлік жағдайдан шығару үшін кешенді қолдау көрсетуге бағытталған АӘК беріледі.АӘК мыналарды көздейді:- шартсыз және шартты негізде тоқсан сайын берілетін ақшалай төлем. Еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасылар шартсыз көмек, ал құрамында жұмысқа орналаса алатын кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасылар шартты көмек алады;- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары. АӘК тағайындаудың барлық кезеңіне отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Келісімшартты бұзу әлеуметтік көмек төлеуді тоқтату және келесі 6 айда АӘК тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады;- табысы аз отбасылардың 1 жастан 6 жасқа толған балаларының әрқайсысына 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беріледі.Шымкентте 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,8 мың отбасындағы 45,9 мың адамға 5,4 млрд теңге көлемінде АӘК тағайындалды. Ал, АӘК алушылардың мектепке дейінгі жастағы 16,3 мың баласына 625,3 млн теңге көлемінде қосымша төлем беріледі.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы АӘК беру тетігі ашықтықты, әділдікті, еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету үшін қайта қаралды. Нәтижесінде 2023 жылы 12,7 мың отбасы немесе 65,9 мың адамға 6,3 млрд. теңге АӘК төленді. Ал, 2024 жылы АӘК алушылар саны 45,9 мың адамды немесе 8,8 мың отбасын құрады. Оларға мемлекет қазынасынан 5,4 млрд. теңге төленді. Бұдан біз АӘК алушылар саны жыл сайын төмендеп келе жатқанын байқаймыз.Шымкенттегі АӘК алушыларды аудандар бойынша зерделер болсақ, Абай ауданында – 31%, Әл-Фараби ауданында – 20%, Қаратау ауданында – 18,5%, Тұранда – 17% және Еңбекші ауданы тұрғындарының 13 пайызы АӘК алатыны анықталып отыр.Әлеуметтік мәртебесіне қарай АӘК алушылардың басым бөлігі балалар. Олардың үлесі 31 мың адамды, яғни 67,5 пайызды құрайды. Сондай-ақ, өтініш берген сәтте көмек алушылар қатарында жұмысы бар азаматтар – 16,8%, балаларға, мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға күтім жасайтын адамдар – 11,1%, студенттер – 2,6%, жұмыссыздар – 0,12% және басқа санаттағы адамдар – 0,9 пайыз екені анықталды.Мемлекеттің АӘК тағайындаудағы басты мақсаты – халықты еңбекке ынталандыру және еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сол арқылы табысы аз отбасыларды кедейлік жағдайынан шығару. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы табысы аз отбасыларға кешенді қолдау көрсету бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде сол жылдың соңында АӘК алушылар қатарынан 19 мың адам кедейлік жағдайынан шықты. Ал, 2024 жылдың қорытындысына сәйкес, кедейлік жағдайынан шыққандар саны 13,5 мың адамды құрап отыр.Мәселен, 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 12 926 азамат жұмысқа жарамды екені, оның ішінде 7 738 азаматтың өтініш берген кезде жұмысы бар екені анықталған. Оларды тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында 480 адам нәтижелі жұмыспен қамту шараларына қатысқан. Атап айтсақ, ​308 азамат тұрақты жұмыс орындарына, 48 азамат қоғамдық жұмыстарға,​ 18 маман «Жастар практикасына», 17 маман әлеуметтік жұмыс орындарына, 43-і кәсіпкерлік бастамаларды ілгерілету бойынша, ал 46 азамат біліктілігін арттыру шарасына қатысқан.2023 жылы Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) іске қосылды, ол 84 параметр негізінде еліміздегі отбасылардың әл-ауқатының деңгейін анықтайды. ОЦК деректері негізінде мемлекеттік органдар мен әкімдер әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу үшін өңірлердегі ахуалды талдай алады.Биыл әлеуметтік әл-ауқат деңгейінің көрсеткіштері бойынша ОЦК-да D және E санаттарына жатқызылған отбасылар санын азайту бойынша әкімдердің KPI енгізілді. Әкімдер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп отбасыларды дағдарыс және мүшкіл санаттардан неғұрлым қолайлы санаттарға көшіру жөнінде шаралар қабылдауда. 2024 жылдың 19 желтоқсанындағы жағдай бойынша аталған контингенттің саны 17,9 %-ға азайды.Биыл, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен айқындалады.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп ОЦК деректері бойынша тоқсан сайынғы медиандық кіріс мөлшеріне есеп жүргізді. Оның нәтижелері бойынша кедейлік шегі медиандық кірістің 35% деңгейінде, бірақ қазіргі деңгейден төмен емес, яғни өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде айқындалады.2025 жылы материалдық жағдайды зерттеу негізінде отбасылардың АӘК көрсетуге мұқтаждығы туралы қорытындылар шығаратын учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландыру жүзеге асырылмақ. Бұл комиссиялар үшін FSM Social мобильді қосымшасы жасалды. Оның артықшылығы:- геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны);- жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату;- зерттеу жүргізу және шешім шығару кезінде формальды тәсілді алып тастау.Мобильді қосымша пилоттық режимде Алматы облысының Қонаев қаласында сыналды. 2025 жылғы қаңтардан бастап FSM Social қосымшасын республика көлемінде қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК-ке үміткер азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін олардың келісімін ала отырып, сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарланған.АӘК тағайындау кезінде екінші деңгейдегі банктерден азаматтардың кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер алу алгоритмі жүзеге асырылады.Өтініш беруші АӘК алу үшін уәкілетті органға жүгініп, пилоттық жобаға қатысуға өтініш береді. Осыдан кейін өтініш берушінің отбасындағы барлық кәмелетке толған адамдарға жеке телефон нөмірлеріне 1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі, оған олар бір жұмыс күні ішінде жауап беруі тиіс.Ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты жинау өтініш берушіден және оның отбасы мүшелерінен мемлекеттік органдар мен екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері арқылы жиынтық түрде келісім алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Егер банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының мөлшері кедейлік шегінен аспаса, онда АӘК қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалады.2025 жылы Шымкент қаласында 24721 жаңа жұмыс орны ашылып, қаланың өндірістік-экономикалық ахуалымен қатар әлеуметтік жағдайында да үлкен өзгерістер орын алады деп күтілуде. Ең бастысы, мемлекеттік бағдарламалар негізінде «Екі қолға – бір күрек» алуға құштар, жұмыстан қорықпайтын азаматтар барда халықтың әлеуеті жақсара түсеріне сенім мол.</p> <p>Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов</p>

Аймақтағы жаңалықтар