Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Нұралхан Көшеров 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандықтары – экономист, қаржы және несие, құқықтану.
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болып бастаған. 2009-2011 жылдары Қаржы министрлігінің Салық комитетінде талдаушы, Астана қаласы Салық департаментінің Алмалы ауданы бойынша салық басқармасының заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2010-2014 жылдар аралығында Астана қаласының Салық департаменті Есіл ауданының салық басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласы Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы, Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болды.
2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2018-2021 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, ҚР Қаржы министрігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауызымын атқарған.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2023 жылдан бүгінге дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -