Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы оңалту орталықтары мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып салынады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының «Жеке әріптесті айқындау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы оңалту орталықтарын салу және пайдалану жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасын әзірледі. Құжат 2024 жылғы 22 қарашаға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Жоғарыда көрсетілген қағидалар жеке әріптесті айқындау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы оңалту орталықтарын салу және пайдалану жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін нормативтік-құқықтық бекітуді қамтамасыз етеді.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды және мемлекеттік емес компанияларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде оңалту орталықтарын салуға және одан әрі пайдалануға қатысуға мүмкіндік береді.
Құжатпен толығырақ «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15282559 сілтемесі бойынша танысуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -