«IFRS S1/S2 бойынша қаржылық емес жария ету: Стандарттардың талаптарына сәйкес болу үшін қаржы ұйымдарының тәуекелдерді басқару жүйесін түрлендіруге қойылатын талаптар» тақырыбында тегін офлайн семинар
2024 жылғы 23 тамызда «Эрнст энд Янг – консультационные услуги» ЖШС (бұдан әрі – EY) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен «IFRS S1/S2 бойынша қаржылық емес жария ету: Стандарттардың талаптарына сәйкес болу үшін қаржы ұйымдарының тәуекелдерді басқару жүйесін түрлендіруге қойылатын талаптар» тақырыбында тегін офлайн семинар өткізеді.
Семинар барысында мынадай мәселелер қаралатын болады:
IFRS S1/S2 стандарттарына шолу; IFRS S1/S2: Орнықты даму мен климатпен байланысты ақпаратты жария етуге қойылатын жалпы талаптар; IFRS S1/S2 әрі қарай дамыту, Қазақстанды жария етуді реттеу және ұсынымдар; Стандарттардың талаптарына сәйкес болу үшін қаржы институтының тәуекелдерді басқару жүйесін түрлендіру.
Өтетін орны: Алматы қаласындағы EY кеңсесі, әл-Фараби даңғылы 77/7, Esentai Tower БО, 4 қабат
Ұзақтығы: 14:30-16: 00
EY тарапынан байланысатын тұлғалар: Артем Антонов (artem.antonov@kz.ey.com) Ахметжанова Айсара
(
aisara.akhmetzhanova@kz.ey.com)
Семинарға қатысу үшін қатысуға дайын екеніңізді растай отырып, https://eyacademy.kz/page53059433.html сілтемесі бойынша нысанды толтыру қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -