Jas Fund жобасы Қарағанды облысының дарынды жастарына қолдау көрсетеді
Jas Fund Қарағанды облысы жастарының зияткерлік және шығармашылық бастамаларын қаржылай қолдау қоры өтінімдер қабылдауды бастады. Ақшалай көмек республикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстарға, олимпиадаларға, көрмелерге және басқа да іс-шараларға қатысу үшін, сондай-ақ жастарға арналған шығармашылық, зияткерлік немесе қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға бөлінеді.
Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте талантты жастарға қаржылай қолдау көрсету ережелері туралы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұржан Ілияш пен Pixel жобалық кеңсесінің басшысы, Jas Fund дарынды жастарды қаржылай қолдау қоры жобасының менеджері Абай Амантай айтып берді.
Jas Fund жобасы Қарағанды облысында 2021 жылы іске қосылды. Үш жыл ішінде 14 млн теңгеден астам сомаға 50 өтініш қолдау тапты.
– Біз шығармашылық және зияткерлік іс-шараларға, ал өткен жылдан бастап спорттық іс-шараларға қатысуға өтінімдер қабылдаймыз. Жылына 100-ден астам өтініш келіп түседі. Барлық өтінімдерді арнайы комиссия қарайды. Дауыс беру арқылы қайсысы мақұлданатыны шешіледі. Қаржылық қолдау сомасы 100 АЕК дейін болуы мүмкін. Бұл биылғы жылы 369 200 теңгені құрайды. Қаржылық көмекке өтінім берген үміткерлердің жасы – 14-тен 34 жасқа дейін, – деп хабарлады Абай Амантай.
Биыл жалпы қор 10 млн теңгені құрайды.
Өтініш беру үшін жеке куәлікті ұсыну, іс-шараның тұжырымдамасын және алынған ақшалай көмек қайда жұмсалатыны жайлы жоспарды ұсыну қажет.
Өтінімдер электрондық пошта арқылы қабылданады: jasfund2024@gmail.com (бір PDF).
Анықтама телефондары: 8-777-573-35-91, 8-778-595-30-79.
Қор туралы барлық ақпаратты @jasprokrg әлеуметтік желілерінің аккаунттарынан алуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -