Әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі Уәкілі семинар өткізді
Әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі Уәкілі семинар өткізді
Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні әдеп жөніндегі уәкіл, қала әкімі аппаратының басшысы А. Рахимбаева жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілердің, штатан тыс қызметкерлердің және мемлекеттік кірістер басқармасының қатысуымен семинар өткізді.
Семинардың күн тәртібінде Қазақстандағы интернет - алаяқтықтың ең көп таралған түрлері бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы және жалпыға бірдей декларация туралы сұрақтар қарастырылды. Күн тәртібінде қарастырылған жалпыға бірдей декларация бойынша Приозерск қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшысы М. Тыныбаева баяндама жасап, декларация тәртібі бойынша айтып өтті.
Әдеп жөніндегі уәкіл, қала әкімі аппаратының басшысы А. Рахимбаева ең көп таралған интернет - алаяқтықтың түрлерін атап өтіп, интернет – алаяқтықтан аулақ болуға шақырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -