Үкімет басшысының СҚО-ға жұмыс сапары
Премьер-Министр Олжас Бектенов облысқа жұмыс сапары аясында су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарының алғашқы нәтижелерімен танысты. Үкімет басшысы Бірлік шағын ауданында жаңадан бой көтерген үйді аралап, жаңа баспана кілтін алған отбасы мүшелерімен әңгімелесті.
Олжас Бектенов, Мемлекет басшысы зардап шеккен азаматтардың барлығының баспанасын қалпына келтіру мәселесін ерекше бақылауда ұстап отырғанын айтып, Солтүстік Қазақстан облысы 53 үйдің құрылысын алғашқылардың бірі болып аяқтағанын атап өтті.
Сондай-ақ сапар барысында Олжас Бектенов Ойқала шағын ауданында қалпына келтіруге жататын үйлерді жөндеу жұмыстарымен танысты. Премьер-Министр Солтүстік Қазақстан облысы – су тасқыны салдарын жоюға мехбригадалар тартылған жалғыз өңір екенін атап өтті. Олжас Бектеновке Петропавлда резервтік сумен жабдықтау көзін салу жоспарлары туралы баяндалды.
"
Оған қоса, бірінші сорғы станциясын қайта жаңғырту, Универсальная көшесінде жол өткелінің құрылысын жалғастыру және Есіл өзені арқылы жаңа автокөпірді салу бойынша жобалар қолдау тапты"
, - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.Үкімет басшысы «Claas» кәсіпорнының жұмысымен танысып, Аққайың ауданындағы «Дайындық агро» серіктестігінің алқабында егіс науқанының аяқталуын бақылап, диқандармен тілдесті. Кейін «Иван Зенченко» ЖШС сүт фермасында болып, мал шаруашылықтарының басшыларымен жүздесті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -