КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ОРТАҚ ЖЕҢІСКЕ СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСТЫ: Түркістан облысы, 13 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ОРТАҚ ЖЕҢІСКЕ СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСТЫ

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ОРТАҚ ЖЕҢІСКЕ СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСТЫ

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ОРТАҚ ЖЕҢІСКЕ СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСТЫ

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ОРТАҚ ЖЕҢІСКЕ СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСТЫ

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ОРТАҚ ЖЕҢІСКЕ СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСТЫ

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Дүбірлі сында Қазақстан ұлттық құрамасы айқын басымдықпен көш бастады. Ортақ жеңіске Түркістан облысының өрендері айрықша үлес қосып, 30-ға жуық медаль еншіледі. Нақтырақ айтқанда, 16 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль олжалады. Айрықша айтып кетейік, 16 алтынның 10-ын Төлеби ауданының сайыпқырандары иеленіп, ұлттық спортта көш басында

екенін көрсетті. Чемпиондарға тоқталсақ, қазақ күресінен әйелдер арасында барлық қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, боз кілемде атой салған түркістандық ару Айжан Жылқыбаева, алыптар сайысында Арыс қаласының бетке ұстары Азамат Мақұлбеков әлемнің 16 елінен келген апайтөс алыптарды қапы қалдырып, жеңімпаз болды. Жамбы атудан үш бірдей спортшы мергендігімен көзге түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жамбы атудың Азия стилінен Батыр Бексауыт топ жарса, Түркі стилінен Ералхан Айкөз чемпион болды. Ал төрт түркістандық көкпаршы ұлттық құрамада өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Қоса кетейік, теңге ілуден Рахат Қамбаров барлық теңгені іліп, жеңістің шыңын бағындырса, шапшаңдық пен ойлау қабілетін талап ететін зияткерлік ойын түрі овариден Әсел Далиева барлық қарсыласынан айласын асырып кетті. Жеңісті жолды асық атудан Айтқұлов Амандос жалғап, алтыннан алқа тағып, ел мерейін асқақтатты. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Дүбірлі сында Қазақстан ұлттық құрамасы айқын басымдықпен көш бастады. Ортақ жеңіске Түркістан облысының өрендері айрықша үлес қосып, 30-ға жуық медаль еншіледі. Нақтырақ айтқанда, 16 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль олжалады. Айрықша айтып кетейік, 16 алтынның 10-ын Төлеби ауданының сайыпқырандары иеленіп, ұлттық спортта көш басында <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>екенін көрсетті. Чемпиондарға тоқталсақ, қазақ күресінен әйелдер арасында барлық қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, боз кілемде атой салған түркістандық ару Айжан Жылқыбаева, алыптар сайысында Арыс қаласының бетке ұстары Азамат Мақұлбеков әлемнің 16 елінен келген апайтөс алыптарды қапы қалдырып, жеңімпаз болды. Жамбы атудан үш бірдей спортшы мергендігімен көзге түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жамбы атудың Азия стилінен Батыр Бексауыт топ жарса, Түркі стилінен Ералхан Айкөз чемпион болды. Ал төрт түркістандық көкпаршы ұлттық құрамада өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Қоса кетейік, теңге ілуден Рахат Қамбаров барлық теңгені іліп, жеңістің шыңын бағындырса, шапшаңдық пен ойлау қабілетін талап ететін зияткерлік ойын түрі овариден Әсел Далиева барлық қарсыласынан айласын асырып кетті. Жеңісті жолды асық атудан Айтқұлов Амандос жалғап, алтыннан алқа тағып, ел мерейін асқақтатты. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар