Кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеу өткізілетінін хабарлайды. Іріктеу 2024 жылғы 10 қыркүйек – қоса алғанда 2024 жылғы 9 қазан аралығындағы кезеңде өткізіледі.
Кандидаттарды таңдаудағы негізгі өлшемшарттар: тиісті білім, жоғары деңгейдегі біліктілік, халықаралық қаржылық және тілдік сертификаттардың болуы болып табылады. Мыналарға артықшылық беріледі:
- шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері;
- Ұлттық Банктің бағдарламасы бойынша магистратураны бітірген мамандар;
- FRM, CFA халықаралық сертификаттарының кемінде 1-деңгейі және (немесе) ACCA халықаралық сертификатының 4-деңгейі бар мамандар;
- шет тілін меңгерген маманда (IELTS халықаралық сертификатының болуы – 9-дан 6 төмен емес, TOEFL IBT – 120-дан 80, TCF 699-дан 400 (В2), СILS 1, HSK 11-ден 6-деңгей);
- таңдалған бағыт бойынша кемінде бір жарым жыл жұмыс тәжірибесі бар мамандар.
Резюмені қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кадр қызметі кандидаттардың тізімін қалыптастырады. Іріктеуге қатысу үшін резюменің электрондық нұсқасын HR@finreg.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Резюме нысаны Агенттіктің сайтында берілген.
Осыдан кейін кадр қызметі кандидаттарға әңгімелесудің өтетін уақытын, күнін және орнын электрондық пошта және (немесе) телефон арқылы хабарлайды. Үміткерлермен әңгімелесу жалпы тізім қалыптастырылған күннен бастап 10 он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Егер әңгімелесу қорытындысы бойынша оған кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, кандидат кадр резервіне өту құқығына ие болады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Кадр резервіне алынған адамдардың тізімі кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Агенттіктің интернет-ресурсында жарияланады.
Кадр резервіне іріктеудің толық шарттары Агенттіктің сайтында жарияланды:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/article/details/180237?lang=ru
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -