Каспий теңізінің жағалауында орналасқан 50 га жер мемлекетке қайтарылды
Келіп түскен өтініш негізінде Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаментімен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде мұнай терминалының құрылысын салу және орналастыру үшін арналған жалпы ауданы 50,0 гектар жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай келгені анықталды.
Кадастрлық (бағалау) құны – 445,0 млн.теңгені құрайтын жер учаскесі Каспий теңізінің жағалауындағы Қарақия ауданында орналасқан.
Жер учаскесінің меншік иесіне жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Жыл аяқталғаннан кейін нұсқама талаптарын орындамағаны үшін серіктестікке 345,0 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылды.
Сонымен қатар Департаменттің жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арызы сотпен қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -