Кене энцефалиті: жәндіктердің шағуынан қалай сақтануға болады?
Ашық ауада уақыт өткізу тек жағымды сезімдер әкелмейді. Кенені көктемде және жазда табиғатта, әсіресе орманда «ілестіру»қаупі көпшілікке белгілі.Кенелер үнемі аурудың тасымалдаушысы бола бермейді - көп жағдайда олардың шағуы зиянсыз, бірақ кейбіреулері әртүрлі ауруларды, соның ішінде кене энцефалитін тасымалдауы мүмкін.Кене энцефалиті келесідей беріледі:- вирус жұқтырған иксод кенесі жабысқан кезде;- кенелердің жаппай шабуылы кезінде ешкілердің, қойлардың, сиырлардың шикі сүтінде сирек жағдайда вирус болуы мүмкін;- кенені жаншығанда немесе шаққан жерін қасығанда.
Кене энцефалиті ауруының белгілері: жалпы әлсіздік, бастың ауруы, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, дене температурасының жоғарылауы, кене шаққан жерде гиперемия.Кене энцефалитінің профилактикасы
Табиғатта демалу кезінде, саяжайда және т. б. мыналар қажет: ұзын жеңді көйлек киіп, оны шалбарға, ал шалбарды шұлыққа салыңыз; бас пен мойынды орамалмен, капюшонмен жабыңыз; мезгіл-мезгіл киім мен денені өзіңіз және өзара қарап-тексеріңіз; дененің ашық жерлері мен киімдерді репелленттермен өңдеңіз; кене шағып алған жағдайда медициналық ұйымға жүгініңіз. медициналық көмекке жүгіну мүмкіндігі болмаған кезде кенені өзіңіз алып тастаңыз (кенеге бір тамшы май тамызып, пинцетпен немесе жіппен, қозғап, біртіндеп алыңыз); егер тұмсығы теріде қалса, оны тікен сияқты алып тастаңыз, шаққан жерге йод жағып, қолыңызды мұқият жуыңыз.
Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты
КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІ: ЖӘНДІКТЕРДІҢ ШАҒУЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -