КЕНТАУДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА
Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жаласуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Кентау қаласында салынып жатқан үйлерді аралап көрді. Уәлиханов көшесінде орналасқан №150 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысып, мердігермен кездесті. Құрылыстың сапасына басты назар аударуды ескертті.
Қазіргі уақытта үйлердің кірпіші қаланып, инфрақұрылымы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын «Іргетас-Құрылыс ІІ» ЖШС жүргізуде. 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған. Пәтерлердің жалпы ауданы 3 мың шаршы метрден асады. 60 пәтерлі тұрғын үй баспана кезегінде тұрған отбасыларға беріледі.
Айта кетейік, бұл тұрғын үйлердің құрылысына 2020 жылы жергілікті бюджет есебінен 1000,0 мың теңге қаралып, түзілген келісім шарт негізінде құрылыс жұмыстары басталған болатын. Алайда, 2021-2022 жылдарға тұрғын үй құрылысына қаржы қаралмауына байланысты, құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатылған. 2023 жылға 1 көпқабатты әлеуметтік кредиттік тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 300,0 млн теңге қаржы қаралып, 2024 жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Қалған 4 көпқабатты тұрғын үй бойынша республикалық және облыстық бюджеттен қаржы сұратылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -