Классикадан заманауи технологияларға дейін: 31 тамызда екі қарағандылық суретшінің көрмесі ашылады
"Ақыл-ой палитраларының үндестігі" – Қарағанды қаласындағы "Алтын ғасыр" галереясында 31 тамызда Дмитрий Кетцман мен Гүлшат Мұстафинаның жеке көрмесі ашылады. Екі суретші де галереяның Karaganda Art Start жобасына қатысушы.
– Біз Дмитрий мен Гүлшаттың қабілетін аша алғанымызды мақтан тұтамыз, енді олар дербес суретшілер ретінде көрінеді, – дейді "Алтын ғасыр" галереясы жетекшілерінің бірі Бибігүл Атқарова. – Art Start жобасы бізде жылына екі рет өтеді. Оның мақсаты – жаңа таланттарды ашу. Жасына да, орындау техникасына да шектеулер жоқ. Осы жоба аясында бес көрме болды. Міне, қатысушылардың алғашқы жеке көрмесі. Экспозиция 28 картинадан тұрады – әрқайсысынан 14 туынды.
Қарағандылық Гүлшат Мұстафина Топардағы көркемсурет мектебін бітірген. Содан кейін экономист мамандығын таңдаған. 15 жылдан астам уақыт АҚШ-та оқып, өмір сүрген. Осы уақыт аралығында ол шығармашылықты қалдырмаған. Шетелдік көрмелер мен байқауларға қатысып, бірнеше рет бірінші және жүлделі орындарға ие болды. Қазақстанға оралып, шығармашылықпен айналысуды жалғастыруда.
– Менің шығармашылығым – мен дүниеге келген, тәрбиеленген еркіндіктің көрінісі. Сондықтан мен негізінен абстракцияны еркін түрде жазамын. Мен жақтауды, стандарттарды ұнатпаймын.
Бүгін менің суреттерім дәстүр мен классикадан басқа нұсқаға – digital art-қа көшті. Көрмеде мен қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерін кенепте көрсетемін, қалғаны – абсолютті digital, – деді Гүлшат Мұстафина.
Дмитрий Кетцман – суретші және тәрбиеші. Қарағанды гуманитарлық колледжінде бейнелеу өнері және сызу факультетінде оқыған, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ кәсіби-көркемсурет факультетінің түлегі. 2016 жылдан бастап ол өнер студиясында сабақ бере бастады, содан кейін өзінің студиясын ашқан. Республикалық және шетелдік көрмелер мен фестивальдердің лауреаты. Жақында Алматыдағы Art Group маусым көрмесіне қатысқан. Қазылар алқасы оның жұмысына бірінші орын және Гран-при берді.
– Мен әртүрлі стильде жазамын. Қиялды ұнатамын, графиканы қалаймын, бірақ кескіндеме, кенеп, май көбірек. Мен үшін сазбен мүсінші қалай жұмыс істесе, мен де солай май бояумен жұмыс істегенді ұнатамын. Бұл жақсы көңіл-күйді жеткізу мүмкіндігі. Көрмеде ұсынылатын картиналар, жан-жақты – жануарлар, портреттер, – деп атап өтті Дмитрий Кетцман.
"Ақыл-ой палитраларының үндестігі" көрмесі 16:00-де ашылады.
Экспозиция 5 қыркүйекке дейін жалғасады.
"Алтын ғасыр" галереясының жұмыс уақыты 10:00-ден 18:00-ге дейін.
Мекен-жайы: Комиссаров көшесі, 35а.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -