«Ұлдан-ломбарды» ЖШС- ін лицензиядан айыру туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 2024 жылғы «26» қыркүйектегі №19 бұйрығына сәйкес, «Ұлдан-ломбарды» ЖШС (бұдан әрі – Ломбард) микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамауы лицензиядан айыру үшін негіздеме болды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы, 9-тармағының талаптарына сәйкес, Ломбард Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «Ломбард» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Ломбард клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, Ломбард алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -