Үлгілік келісімшарттарға сәйкес жүзеге асыратын көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін жариялады: Астана қаласы, 15 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Үлгілік келісімшарттарға сәйкес жүзеге асыратын көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін жариялады

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына түзетуді іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Өндіруші саланың ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) қолдау мақсатында Энергетика министрлігі 2024 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша қызметін үлгілік келісімшарттарға сәйкес жүзеге асыратын көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін жариялады.

Көмірсутектер бойынша барлау және өндіру бойынша, өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шарттары «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бекіту туралы» Энергетика министрінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген келісімшарттың талаптарына сәйкес жазылған (осы бұйрықтың мазмұнымен мына жерде танысуға болады).

Жарияланған тізімдегі мәлімет жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын есептерде көрсетілген деректер негізінде қалыптастырылған, ұсынылған мәліметтер тек ақпараттандыру тұрғысынан беріледі.

Анықтама ретінде, көмірсутектер саласында қолданыста 304 келісімшарт бар, оның ішінде 212 келісімшарт Үлгілік келісімшарттың нұсқасында жасалды, жер қойнауын пайдалануға арналған 83 келісімшарт «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Кодексінің күшіне енгеніне дейін жасалды, 9-ы Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен өнімді бөлу туралы шарттар және келісімшарттар болып табылады.

Энергетика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг пен бақылау жүргізетінін және бұзушылықтар анықталған жағдайда заңнамада және келісімшарттарда көрсетілген шараларды қолданатынын атап өтеміз.



Ақпарат көзі: Министерство энергетики Республики Казахстан


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<!DOCTYPE html> <html> <head> <meta http-equiv="Content-Type" content="text/html;charset=UTF-8"> </head> <body> <p>Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына түзетуді іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Өндіруші саланың ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) қолдау мақсатында Энергетика министрлігі 2024 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша қызметін үлгілік келісімшарттарға сәйкес жүзеге асыратын көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін жариялады.</p> <p>Көмірсутектер бойынша барлау және өндіру бойынша, өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шарттары «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бекіту туралы» Энергетика министрінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген келісімшарттың талаптарына сәйкес жазылған <em>(осы бұйрықтың мазмұнымен </em><a href="http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017140"><em>мына жерде</em></a><em> танысуға болады)</em>.</p> <p>Жарияланған тізімдегі мәлімет жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын есептерде көрсетілген деректер негізінде қалыптастырылған, ұсынылған мәліметтер тек ақпараттандыру тұрғысынан беріледі.</p> <p>Анықтама ретінде, көмірсутектер саласында қолданыста 304 келісімшарт бар, оның ішінде 212 келісімшарт Үлгілік келісімшарттың нұсқасында жасалды, жер қойнауын пайдалануға арналған 83 келісімшарт «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Кодексінің күшіне енгеніне дейін жасалды, 9-ы Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен өнімді бөлу туралы шарттар және келісімшарттар болып табылады.</p> <p>Энергетика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг пен бақылау жүргізетінін және бұзушылықтар анықталған жағдайда заңнамада және келісімшарттарда көрсетілген шараларды қолданатынын атап өтеміз.</p> </body> </html>

Аймақтағы жаңалықтар