Лицензиядан айыру туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2025 жылғы 28 наурызындағы бұйрығына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан мына ұйым айырылды:
«Абай несие» Несие серіктестігі» ЖШС, БСН 180440042738(№29 бұйрық)
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамауы лицензиядан айыру үшін негіздеме болды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес микроқаржылық ұйым (Несие серіктестігі) Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «Несие серіктестігі» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар микроқаржылық ұйымның (Несие серіктестігі) клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, микроқаржылық ұйым (Несие серіктестігі) алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -