Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы органикалық өнімдерді өндіруге арналған технопарк құруды жоспарлап отыр
Бұл туралы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айгүл Ахмеджанова NURIS Назарбаев Университеті технопаркіне барған кезде хабарлады. Көпфункционалды кешенде инновациялар мен жоғары технологиялық стартаптар мен компанияларды дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған.
Жұмыс сапары барысында Айгүл Ахмеджанова аталмыш бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының базасында осындай технопарк құру жоспарланғанын хабарлады. Жаңа жоба өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында органикалық өнім өндіруге бағытталмақ. Жобаны іске асыруға ҰАҒББО-ның алдыңғы қатарлы еншілес ұйымдары қатысады.
Сонымен қатар, ҰАҒББО-ның жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау жүйесін өзгерту жоспарлануда. Студенттер өндірістік процестер мен ғылыми жобаларға көбірек қатысады. Мысалы, болашақ мал өсірушілер «Асыл түлік» ЖШС-нің зерттеулеріне қатысады, ал агроном студенттер А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында тәжірибеден өтеді.
Қазіргі уақытта технопарктің жобасы әзірленуде, білім беру бағдарламаларына реформа жүргізілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -