Ұлттық Банк Рахымжан Қошқарбаев пен Кемал Ақышевтің 100 жылдығына орай жаңа коллекциялық монеталар шығарады
Қазақстан Ұлттық Банкі Рахымжан Қошқарбаев пен Кемал Ақышевтің 100 жылдығына орай айналымға жаңа коллекциялық монеталар шығарады. Монеталар "Көрнекті оқиғалар мен адамдар" сериясында шығады.
Биыл Қазақстанның Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ол 1945 жылы 30 сәуірде Берлинге шабуыл кезінде Рейхстаг ғимаратында ту көтерген Қызыл Армияның алғашқы сарбаздарының бірі.
Биыл атақты археолог және ғалым Кемал Ақышевтің туғанына жүз жыл толды. Оның басшылығымен Алматы маңындағы Есік қорғанына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу кезінде "Алтын адам" табылды.
Монеталар мельхиор қорытпасынан жасалған (MN 25). Номиналы – 200 теңге. Таралымы – 5 мың дана.
"Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банктік шоттарға аудару үшін және еліміздің барлық банктерінде аудару, айырбастау үшін олардың атаулы құны бойынша қабылдануға міндетті. Коллекциялық монеталар қазақстандық монета сарайында жасалған", – деп хабарлайды Ұлттық Банк.
Монеталарды Ұлттық Банктің kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкенінен 2024 жылдың 28 тамызынан бастап сатып алуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -