ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ – АНАЛАРҒА МІНДЕТ: Түркістан облысы, 03 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ – АНАЛАРҒА МІНДЕТ

25 қазан – Республика күніне орай Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері №24 «Алма» бөбекжай-бақшасында ата-аналармен кездесіп, «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында ауқымды сұхбат құрды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салауатты сана» жобасы аясында өткен тәрбиелік жиынға қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, кеңес мүшесі Уралхан Сейілбекова арнайы қатысты. Кеңес мүшелері ата-аналармен ұрпақ тәрбиесіне қатысты пікір алмасты.

Кездесуде жас буынның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелеу әрбір ата-анаға жүктелген абыройлы әрі мерейлі міндет екені айтылды. Ұрпақ тәрбиесінде ата-аналар институтының айрықша мәнге ие екендігі түсіндіріліп, білім беру ұйымдарының әлеуетімен жас ұрпақ бойына жаман кеселдер туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру – жас буынды жағымсыз әдеттерден ерте бастан іргесін аулақ салуға әсер ететіні баяндалды.

Өз кезегінде ұлттық тәрбиені дәріптеу арқылы ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауды әрбір тәрбиешісі жақсы меңгергенін жеткізген балабақша меңгерушісі Гүлмира Тойбаева бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жалғасын табатынын жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы XXXIII сессиясының шешімдерін іске асыру бағытында әзірленген «Салауатты сана» жобасының мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында қоғамның әлеуметтік кеселдеріне жүйелі түрде қарсы тұруды көздейді.

Ақпарат көзі: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

25 қазан – Республика күніне орай Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері №24 «Алма» бөбекжай-бақшасында ата-аналармен кездесіп, «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында ауқымды сұхбат құрды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салауатты сана» жобасы аясында өткен тәрбиелік жиынға қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, кеңес мүшесі Уралхан Сейілбекова арнайы қатысты. Кеңес мүшелері ата-аналармен ұрпақ тәрбиесіне қатысты пікір алмасты.

Кездесуде жас буынның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелеу әрбір ата-анаға жүктелген абыройлы әрі мерейлі міндет екені айтылды. Ұрпақ тәрбиесінде ата-аналар институтының айрықша мәнге ие екендігі түсіндіріліп, білім беру ұйымдарының әлеуетімен жас ұрпақ бойына жаман кеселдер туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру – жас буынды жағымсыз әдеттерден ерте бастан іргесін аулақ салуға әсер ететіні баяндалды.

Өз кезегінде ұлттық тәрбиені дәріптеу арқылы ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауды әрбір тәрбиешісі жақсы меңгергенін жеткізген балабақша меңгерушісі Гүлмира Тойбаева бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жалғасын табатынын жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы XXXIII сессиясының шешімдерін іске асыру бағытында әзірленген «Салауатты сана» жобасының мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында қоғамның әлеуметтік кеселдеріне жүйелі түрде қарсы тұруды көздейді.

Аймақтағы жаңалықтар