ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАЛАРЫ САЙЛАНДЫ
4 ақпанда ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің Жалпы жиналысының отырысы өтті.
Жалпы жиналыста жұмыс жоспары мен ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының 2035 жылға дейінгі стратегиясын іске асыру, академиялық құрылымның қызметін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Талқылау барысында ғылым бөлімшелерін жаңа құрамда қалыптастыру туралы шешім қабылданды, сондай-ақ бөлімшелердің төрағалары сайланды. «Агробиоресурстар және экология туралы» бөлімшесінің төрағасы болып Ерлан Кеңесбекұлы Тұрыспеков, «Өмір және денсаулық туралы» бөлімшесінің төрағасы Вячеслав Нотанович Локшин, «Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» бөлімшесінің төрағасы болып Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев, «Білім және қоғамдық даму туралы» бөлімшесінің төрағасы болып Дархан Нұрланұлы Билялов сайланды.
Ғылым бөлімшелерінің төрағалары болып сайланған академиктердің қызметі: бөлімшелердің қызметін үйлестіруге, ғылымның жетекшілік ететін бағыттарын дамыту бойынша өзекті ұсыныстар әзірлеуге; пәнаралық зерттеулер мен ғылыми бастамаларды ұйымдастыруға; ғылымды дамытудың өзекті мәселелері бойынша ғалымдардың ұсыныстарын жинақтау; ғылыми іс-шаралар өткізу; ғылымды дәріптеу; НБҚ бойынша ғылыми-техникалық тапсырмаларды айқындау және талдау жөніндегі сараптамалық топтардың басшылығына бағытталатын болады.
Сонымен қатар жиналыс барысында Академияның басқару органдарына Стратегияның іске асырылуын одан әрі қамтамасыз ету және еліміздің жетекші ғалымдарын бөлімшелердің жұмысына тарту жөнінде тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -