Ұлытау облысындағы терроризмге қарсы оқу-жаттығулар туралы
2024 жылғы 17 мамыр күні Сәтбаев қаласында терроризмге қарсы жаттығу өткізілуде.
Жаттығу барысында терроризмге осал объектілерге терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелерін қарастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.
Сәтбаев қаласы тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз!
Ұлытау облысының Сәтбаев қалалық
терроризмге қарсы жедел штабы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -