Ұлытау облысының делегациясы СҚО-да болды
Өңірге Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы бастаған делегация келді. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының қатысуымен өткен кездесуде екі өңір арасында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Қазір республика бойынша сүт фермаларын салу бойынша СҚО-ның пилоттық жобасы ауқымды түрде таратылуда. Солтүстікқазақстандық шаруалардың тәжірибесі басқа өңірлерге де пайдалы болмақ. Осыған орай ауыл шаруашылығы саласында және «Солтүстік» пен «Ұлытау» ӘКК арасында тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл өңірлеріміздің дамуына қосымша серпін бермек.
Сондай-ақ, Ұлытау өңірінің делегациясы облысымыздың өндірістік, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік нысандарын аралады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -