МҚІА жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын реттеу бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері қаралды.
2023 жылы МҚІА бұйрығымен мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындайтын қағидалар бекітілді. Аталған қағидалар қабылданғанға дейін Агенттік ауқымды талдау жүргізіп, кейбір мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдар санының арту жағдайларын анықтады. Осылайша, халықаралық тәжірибені зерделей отырып, қағидада мемлекеттік органдағы басшылық лауазымдардың шекті санын 30-35% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылданды. Бүгінде аталған қағидаларды іске асыру барысында мемлекеттік органдардағы бірқатар басшылық лауазым атқарушылық лауазымдарға ауыстырылды.
Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында сатылас және деңгейлес даму жолдарын біріктіретін мансаптық өсудің гибридті моделіне көшу қарастырылған. Деңгейлес өсу бір лауазымда әртүрлі сыныптарға ие болуға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, мемлекеттік органдардың белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды Агенттік Бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы арқылы жүргізеді.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіруге бағытталған қажетті шаралар кешенін қабылдау ұсынылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -