Мәди Такиев Дүниежүзілік банктің өкілдерімен кездесті: Астана қаласы, 08 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Мәди Такиев Дүниежүзілік банктің өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша өңірлік директоры Асад Аламмен кездесті.

Мәди Төкешұлының айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің арасында экономикалық мәселелердің кең ауқымын қамтитын берік және жемісті ынтымақтастық қалыптасты. Сондай-ақ ведомство басшысы қаржы институтына инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қолғабыс етіп, қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.

Тараптар мемлекеттік реформалар бағдарламаларын, оның ішінде жаңа Салық кодексін әзірлеп, енгізу жолдарын, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша грант беру мәселесін талқылады.

Бұдан бөлек екі жақ 2024-2025 жылдары мемлекеттік шығыстар мен қаржылық есептілікті (PEFA) бағалауды жүргізуге келісті. Бұл мемлекеттік қаржы жүйесін басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырып, тұтастай еліміздің инвестициялық тартымдылығын нығайтуға оң әсерін тигізеді.

Бұл орайда аталған кездесуге Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев пен Дүниежүзілік банктің басқа да экономистері қатысқанын айта кетейік.

Ақпарат көзі: Министерство финансов Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша өңірлік директоры Асад Аламмен кездесті.

Мәди Төкешұлының айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің арасында экономикалық мәселелердің кең ауқымын қамтитын берік және жемісті ынтымақтастық қалыптасты. Сондай-ақ ведомство басшысы қаржы институтына инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қолғабыс етіп, қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.

Тараптар мемлекеттік реформалар бағдарламаларын, оның ішінде жаңа Салық кодексін әзірлеп, енгізу жолдарын, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша грант беру мәселесін талқылады.

Бұдан бөлек екі жақ 2024-2025 жылдары мемлекеттік шығыстар мен қаржылық есептілікті (PEFA) бағалауды жүргізуге келісті. Бұл мемлекеттік қаржы жүйесін басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырып, тұтастай еліміздің инвестициялық тартымдылығын нығайтуға оң әсерін тигізеді.

Бұл орайда аталған кездесуге Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев пен Дүниежүзілік банктің басқа да экономистері қатысқанын айта кетейік.

Аймақтағы жаңалықтар