Мүгедектігі бар 180 қазақстандық цифрлық кәсіптерге тегін оқи алады: Астана қаласы, 15 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 180 қазақстандық цифрлық кәсіптерге тегін оқи алады

Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ іске асыратын «OrleTECH 3.0» қайырымдылық жобасы аясында мүгедектігі бар жастарға арналған оқыту лагері жұмысын бастады. Лагерьдің ашылу салтанатына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, «Шелл Қазақстан» компаниясының Коммерциялық мәселелер жөніндегі бас директоры Ку Валари қатысты.

Лагерьге қатысушы жастар цифрлық кәсіптерге No code әзірлеу, UX / UI design және AI мамандығын игеру сияқты үш бағыт бойынша оқытылады және оларға жұмыс іздеуде жәрдем жасалатын болады. Бұл оқыту курстары қазақ, орыс тілдерінде және ымдау тілінде өтеді. Жобаға қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1500-ден астам өтінім келіп түсті. Сұхбат қорытындысы бойынша әр түрлі мүгедектік топтары бар 18 жастан 35 жасқа дейінгі 180 адам іріктелді. Олардың көпшілігі студенттер.

Soft skills икемді дағдыларды дамыту жөніндегі екі күндік лагерь оқытудың алғашқы қадамы болып табылады және табысты кәсіби қызмет үшін қажетті коммуникативтік дағдыларды, көшбасшылық қасиеттерді, эмоционалды интеллектті, сондай-ақ басқа да негізгі құзыреттерді дамытуға арналған қарқынды бағдарламаларды қарастырады. Лагерь тек Астана қаласында ғана ұйымдастырылып қоймайды. Шілде айының соңында басқа өңірлерден де қатысушылар Алматыға жиналады.

Осыдан кейін онлайн форматта оқыту басталады, ол осы жылдың қараша айына дейін жалғасады. Лагерь қатысушылары оқу барысында түйіндеме жасау, жұмыс іздеу бойынша онлайн-платформалармен жұмыс істеу, әңгімелесуге дайындық бойынша қосымша ұсыныстар алады.

«Қазақстанда 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар іске асырылуда. 2023 жылы БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясына Факультативтік хаттама ратификацияланды.

Әлеуметтік кодекс аясында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі енгізілді, оның ішінде: мемлекеттік көмек және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі қолдау, әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмысқа орналастыру.

Қазіргі уақытта біздің Министрлік ҚР Инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеуде, оны іске асыру әрбір азаматтың дамуындағы жекелеген ерекшеліктеріне қарамастан, лайықты өмір сүруіне және өзінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретіндей қоғамды қалыптастыруға жағдай жасайды.

Бұл қайырымдылық жобасы мүгедектігі бар адамдарға цифрлық кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды тегін алуға мүмкіндік береді, бұл олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді және жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады», – деп атап өтті Светлана Жақыпова.

«OrleTECH 3.0» жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ Бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда екенін айта кетейік.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Қазақстанда 725 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, оның 58%-ы еңбекке жарамды, 26,9%-ы зейнеткерлік жаста, 15,1%-ы 18 жасқа дейінгі балалар.

Ақпарат көзі: Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар