Мұнайды заңсыз өндірген компания бас директорының орынбасары сотталды: Астана қаласы, 06 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Мұнайды заңсыз өндірген компания бас директорының орынбасары сотталды

Ақтөбе облысында шикі мұнай өндіруді заңсыз жүзеге асырған «Сайгак Казахстан Б.В.» компаниясы филиалының Бас директорының орынбасары сотталды.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейінгі кезеңде аталған компанияның филиалы «Сайгак» кен орнындағы келісім-шарт шеңберінде шикі мұнай өндіруді жүзеге асырғанын, бұл ретте келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанын анықтады.

Осы жағдайларға қарамастан, олар жыл бойы кен орнында мұнайды заңсыз өндіру мен сақтауды жалғастырған.

Жалпы көлемі 3,5 мың тонна болатын 2 резервуарда құны 139 млн теңгеге өңделген мұнай мемлекет кірісіне тәркіленді.

Кен орнын басқарған компания филиалы Бас директорының орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Келтірілген шығын толық көлемде өтелді.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Ақтөбе облысында шикі мұнай өндіруді заңсыз жүзеге асырған «Сайгак Казахстан Б.В.» компаниясы филиалының Бас директорының орынбасары сотталды.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейінгі кезеңде аталған компанияның филиалы «Сайгак» кен орнындағы келісім-шарт шеңберінде шикі мұнай өндіруді жүзеге асырғанын, бұл ретте келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанын анықтады.

Осы жағдайларға қарамастан, олар жыл бойы кен орнында мұнайды заңсыз өндіру мен сақтауды жалғастырған.

Жалпы көлемі 3,5 мың тонна болатын 2 резервуарда құны 139 млн теңгеге өңделген мұнай мемлекет кірісіне тәркіленді.

Кен орнын басқарған компания филиалы Бас директорының орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Келтірілген шығын толық көлемде өтелді.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар