Өмірді құтқаратын жандар
Биыл ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері өз қызметінің 30 жылдығын атап өтуде.
Шығыс Қазақстан филиалында бүгінде 11 дәрігер, 15 орта медициналық персонал және 1 психолог жұмыс істейді. Үш дәрігер «Денсаулық сақтау үздігі» атағын алды, филиалдың үздік қызметкерлері қарапайым қызметі үшін түрлі медальдармен және төсбелгілермен марапатталды.
Тек соңғы 10 жылда Шығыс Қазақстан филиалының дәрігерлері оқиға орнына 4930 рет шығып, 1859 зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек көрсетті, оның 378-і төтенше жағдай аймақтарынан эвакуацияланды. Құтқарушылар сияқты Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де шалғай және жетуі қиын жерлерге барады, емдеу мекемелерінен едәуір қашықтықта елді мекендерден тыс жерде жұмыс істейді.
2018 жылғы су тасқыны кезінде Семей, Шемонаиха, Глубокое және Алтай аудандарына барған шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша 3 жылжымалы бригада жұмыс істеді. Содан кейін 64 зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек, 44 азаматқа шұғыл психологиялық көмек көрсетілді, өтімділігі жоғары КАМАЗ автокөлігі тартылды, оның базасында медициналық пункт орналастырылды. Бригадалардың құрамына дәрігерлер, фельдшерлер және санитар-жүргізушілер кіреді. Жұмыс реанимобильдерде жүзеге асырылады, онда өмірлік функцияларды бақылау және қолдау үшін қажетті медициналық жабдықтар бар: ӨЖЖ, ЭКГ, пациенттің мониторы.
АМО дәрігерлерінің күрделі жағдайларының бірі Глубокое ауданының Алтай кентінде орналасқан шахтадағы кеншілерге көмек көрсету болды. Ертіс кенішінде жұмыс жүргізу кезінде екі кенші қазылған тау жыныстары астында қалды. Солардың біріне 1991 жылы туған азаматқа біздің көмегіміз қажет болды. Біз шахтаға 800 метр тереңдікке түсіп, шұғыл көмек көрсетіп, таңғыш қалақ қойып, медициналық мекемеге жеткіздік», - деп дәрігер Қайрат Бексұлтан бөлісті. Бірде Белуха тауынан түсіп келе жатқан турист өздігінен түскен қар көшкіні астында қалып, орташа ауырлықтағы жарақаттар алғаны туралы сигнал келді. Дәрігер Е. К. Мұса мен фельдшер Г. Т. Байчикова тікұшақпен көмекке аттанды. Бұл 2600 м биіктіктегі шағын үстірт болды. АМО мамандары шұғыл медициналық көмек көрсеткеннен кейін зардап шеккен Ресей Федерациясының азаматы Өскемен қаласының облыстық клиникалық ауруханасына тікұшақпен эвакуацияланды.
АМО қызметкерлері жануарларға да көмекке келеді. 2023 жылы облыс орталығында тұрғын үйдегі өрттен, өрт сөндірушілер жану өнімдерімен уланған ессіз күйдегі екі бенгал мысығын алып шықты.
Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері өкпені жасанды желдету аппараты мен дұрыс реанимациялық шараларды қолдана отырып, жануарларды аман алып қалды. Жақында ғана дәрігерлер тікұшақпен Катонқарағай ауданына барды, онда таулы жерлерде жарақат алған әйел адамға көмек қажет болды. Дәрігерлер арнайы таңғыш қалақтарды қойып, зардап шеккен адамды тікұшақпен медициналық мекемеге эвакуациялап, кәсіби көмек көрсетті.
«Облыс тас жолында медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді, онда орталық мамандары қызмет атқарады. «Тас жолдарда жол-көлік оқиғасы жиі орын алады. Түрлі жарақаттары бар жолаушылар төтенше жағдайға тап болады. Біз зардап шеккендерді тексеріп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетеміз. Содан кейін ауыр жарақат алған азаматтарды жақын жердегі медициналық мекемеге жеткіземіз. Елді мекендердің тұрғындарына тәулік бойы барлық қажетті көмек көрсетеміз. Көбінесе олар тұрмыстық жарақаттармен, жоғары қысыммен жүгінеді, сонымен қатар бөгде заттарды шығарған жағдайлар болды және жүкті әйелге көмектесті. Үш жыл бұрын жолаушыларға толы автобус қарлы боранға тап болды, содан кейін азаматтарды жылытуды ұйымдастыруға тура келді.
Сонымен қатар бізде апат кезінде автокөлікті «ашу» үшін авариялық - құтқару құралдары, арнайы медициналық жабдықтар, соның ішінде зардап шеккендерді реанимациялау үшін авариялық-құтқару құралдары бар», - деп Шығыс Қазақстан филиалының басшысы Мәулен Тақижанов атап өтті.
Апаттар медицинасының ажырамас бөлігі психологиялық қызмет болып табылады. Психолог бригадалармен бірге оқиғалар мен төтенше жағдайларға барады, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетеді, күйзелісті жеңуге көмектеседі.
Практикалық дағдыларды пысықтау үшін филиал қызметкерлері түрлі оқу-жаттығуларға, соның ішінде халықаралық оқу-жаттығуларға қатысады.
Дәрігерлердің көп жылдық жұмысы үлкен шиеленіс пен жауапкершілік жағдайында өтеді, бірақ тәжірибелі мамандар әрқашан адамдарға көмектесуге дайын.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі,
«ШҚО бойынша Апаттар медицинасы орталығы филиалы»
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -