ҚМА ТМД кеңістігінде алғашқы болып ұрланған қаражатты цифрлық активтердің шетелдік эмитентінен қайтарды
Қаржылық мониторинг агенттігі ТМД кеңістігінде алғашқы болып, қазақстандықтардан қаржы пирамидасына криптоактивтер арқылы заңсыз тартылған 250 млн теңге шетелден қайтарылды.
Әлемдік тәжірибеде мұндай нәтижеге бірнеше ел ғана қол жеткізген.
Агенттік заманауи IT-құралдарды пайдалана отырып, 2,5 ай ішінде қазақстандықтардың қаражатын криптовалютаға тартқан «Eolus» жоғары технологиялық қаржы пирамидасын жойды.
Еліміздің 12 өңірінде (Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Көкшетау, Жетісу, Түркістан) 2,5 мыңға жуық салымшы тартылды.
Елордалық ұйымдастырушы мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстың іздерін жасырып, жиналған қаражатты кедергісіз иемдену мақсатында, пирамидыны ұйымдастырушылар салымшылардың түскен барлық қаржылық ағындары көптеген транзиттік крипто әмияндарды пайдалану арқылы жасырған.
Агенттіктің қызметкерлері заманауи блокчейн-аналитканың құралдардын пайдалана отырып, барлық транзакцияларды анықтап, қылмыстық кірістер ағылған негізгі әмияндарды тапты.
Ұрланған қаражат Агенттіктің арнайы шотына аударылып, одан әрі жәбірленуші азаматтарға келтірілген залалды өтеу үшін пайдаланылатын болады.
ҚМА қылмыстық активтерді қайтару және басқа да алаяқтық жобалар бойынша осы практиканы қолдануды жоспарлап отыр.
Агенттік азаматтарды пассивті кіріс пен артық пайданы уәде ететін күмәнді инвестициялық жобаларға сенбеуге шақырады.
Компанияның сенімділігін «Baiqa, piramida!» телеграм боты арқылы тексере аласыз. https://t.me/BAIQApiramidaBOT
Сондай-ақ Агенттіктің сайтында қаржылық пирамидалар мен олардың қызметінің белгілері бар жобалар тізімі жарияланады. https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/activities/48291?lang=kk&parentId=48274
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -