Маңғыстау мен Атырау облыстарында геологиялық барлау жұмыстары басталады
Барлау жұмыстары жүргізілелетін “Қаратон подсолевой” учаскесі Атырау және Маңғыстау облыстарында «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарының жанында орналасқан.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наил Магановпен кездесуі барысында Қаратон Подсолевой учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға дайындық жұмыстарын талқылады. Қазіргі уақытта учаскеде бұрғылауға қажетті жабдықтар орнатылуда. Бұрғылау жұмыстары 2024 жылдың қарашасына жоспарланған.
Сондай-ақ тараптар мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Еске салайық, 2024 жылы 21 ақпанда Қазан қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ «Қаратон Подсолевой» жобасы бойынша сатып алу-сату шартына, акционерлер келісіміне және қаржыландыру туралы келісімге қол қойған болатын.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -