Маңғыстау облысының әкімі ҚР Президентінің кеңесшісімен кездесті: Маңғыстау облысы, 10 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Маңғыстау облысының әкімі ҚР Президентінің кеңесшісімен кездесті

9 қараша сенбі күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ҚР Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закариямен кездесті. Бас қосудыңнегізгі мақсаты — өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін ғылыми тұрғыда шешу және бірлескен жобаларды дамыту бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту.

Нұрдәулет Қилыбай кездесу барысында Маңғыстау облысында ғылыми жобаларды қолдауға бағытталған жұмыстарға тоқталды. Өңірлік ғылыми кеңес 2023 жылдың маусым айында құрылып, оның құрамына 30-ға жуық маман — ірі кәсіпорын басшылары, жергілікті профессорлар, экологтар және IT саласының өкілдері енді. Кеңес алдағы уақытта халықаралық ғылыми қауымдастықпен бірлесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды көздейді.

Жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ғылыми ынтымақтастыққа бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.

- Ғылымға салынған инвестиция - болашаққа салынған инвестиция. Біздің мақсатымыз — өңірдегі өзекті мәселелерді ғылыми әдістермен шешіп, жаңа технологияларды енгізу арқылы Маңғыстаудың экономикалық және экологиялық әлеуетін арттыру. Біз өз тарапымыздан ғылыми ынтымақтастыққа бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайынбыз, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Айта кетейік, Маңғыстау облысына сапары барысында Күнсұлу Закария «Gasyr» инновациялық физика-математикалық лицейінің жұмысымен танысып, лицей оқушылары мен ұжымымен кездесу өткізеді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Мангистауской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

9 қараша сенбі күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ҚР Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закариямен кездесті. Бас қосудыңнегізгі мақсаты — өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін ғылыми тұрғыда шешу және бірлескен жобаларды дамыту бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту.

Нұрдәулет Қилыбай кездесу барысында Маңғыстау облысында ғылыми жобаларды қолдауға бағытталған жұмыстарға тоқталды. Өңірлік ғылыми кеңес 2023 жылдың маусым айында құрылып, оның құрамына 30-ға жуық маман — ірі кәсіпорын басшылары, жергілікті профессорлар, экологтар және IT саласының өкілдері енді. Кеңес алдағы уақытта халықаралық ғылыми қауымдастықпен бірлесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды көздейді.

Жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ғылыми ынтымақтастыққа бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.

- Ғылымға салынған инвестиция - болашаққа салынған инвестиция. Біздің мақсатымыз — өңірдегі өзекті мәселелерді ғылыми әдістермен шешіп, жаңа технологияларды енгізу арқылы Маңғыстаудың экономикалық және экологиялық әлеуетін арттыру. Біз өз тарапымыздан ғылыми ынтымақтастыққа бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайынбыз, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Айта кетейік, Маңғыстау облысына сапары барысында Күнсұлу Закария «Gasyr» инновациялық физика-математикалық лицейінің жұмысымен танысып, лицей оқушылары мен ұжымымен кездесу өткізеді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар