Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Бүгін, 27 қаңтарда, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Сәбит Дүйсекенов тағайындалды.
Сәбит Дүйсекенов 1987 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, 2014 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Маңғыстау облысындағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром ӨБ» РМҚК «Кендірлі Қаясан» мемлекеттік қорығының күзет қызметінің бастығы қызметінен бастады.
2014 жылы «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Батыс өңірлік филиалының директоры болып тағайындалды.
Ал 2017 жылы «Кендірлі Қаясан» Мемлекеттік қорық аумағының күзет қызметінің басшысы, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Орал өңірлік филиалының басшысы, сондай-ақ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орал өңірлік филиалының басшысы қызметтерін атқарды.
2017 және 2023 жылдар аралығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Ақтөбе өңірлік филиалының басшысы болып жұмыс жасаған.
2023 жылы Қобда ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы, кейін Қобда ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ, «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы болды.
2024 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -