Маңғыстауда Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев 9 мамыр күні Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті. Маңғыстау облысының әкімі майдандағы ерліктері үшін барша облыс тұрғындарының атынан алғыс білдірді. Сонымен қатар, ардагерлерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев маңғыстаулықтармен бірге Мәңгілік алау монументіне гүл шоқтарын қойды. Олар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері Василий Салазкин мен Ольга Заривняктың үйлеріне барды. Ардагерлер үшін терезелерінің астында әскери оркестрдің концерті ұйымдастырылды. Әрқайсысының терезесінің астында әскери-патриоттық әндер шырқалды.
Кездесу соңында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев ардагерлерге алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хаттары мен естелік сыйлықтарды табыс етті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -