Марат Ахметжанов: Барлық игіліктер халыққа «жұмыс істеуі» тиіс
Әр басшы өз жұмысында бірінші кезекте «адамға бағытталған» тәсілді қолдана отырып, адамға назар аударуы керек. Жаңа құралдарды, тұтқаларды пайдалану және жұмыс тәсілдерін толығымен қайта қарау қажеттілігі туындады. Жылдар бойы қалыптасқан әдістер мен амалдар ескірген және уақыт талабына жауап бермейді.
Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов барлық деңгейдегі өңір әкімдерінің форумында айтты.
«Бұл дегеніміз, жүргізіліп жатқан жұмыстың өзегінде азаматтар және оларды базалық игіліктермен қамтамасыз ету, өмір сүруге қолайлы жағдай жасау мәселелері тұруы қажет. Ол туралы Мемлекет басшысы атап өткен болатын. Негізгі құндылық – адам. Барлық игіліктер халыққа «жұмыс істеуі» тиіс», - деп атап өтті Марат Ахметжанов өз сөзінде.
Осы мақсаттар үшін әкімдердің экономикалық даму мен нәтижеге бағдарлануы, оған нақты қатысуы, ауылдық деңгейдегі әкімдердің қызметін бағалау өлшемшарттары болып табылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -