Марат Ахметжанов Красный Яр ауылындағы саябақтың қайта жаңартылу барысымен танысты
Красный Яр ауылына жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ауылдың орталық саябағына барып, қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты. Сапар аясында өңір басшысы жобаның жүзеге асырылуы мен қазіргі жұмыс кезеңдерін бағалады.
Бүгінгі таңда саябақта ескі асфальт жамылғысын бұзу жұмыстары аяқталып, жасыл желектер отырғызылды және электр желісі тартылды. Саябақты жарықтандыру үшін екі көше шамы және Тәуелсіздік көшесінде жарық бағаналары қойылды.
Қайта жаңарту барысында сахна, субұрқақ, «Алтын адам» ескерткіші және арка орнатылды. Бұл нысандар саябаққа мәдени-тарихи маңыз беріп, оны ауыл тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналдырады. Сондай-ақ, мұнда тұрғындарға арналған демалыс аймақтары мен самалжайлар қарастырылған.
Оған қоса, өңір басшысы «Ақсай нан» ЖШС-не барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -