Марке политехникалық университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде министр Саясат Нұрбек пен Италия Республикасының Университеттер және зерттеулер министрі Анна Мария Бернини кездесті.
Кездесуде екі ел арасындағы жоғары білім мен ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Негізгі нәтижелердің бірі І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында Марке политехникалық университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қою болды.
Министр Саясат Нұрбек Қазақстан мен Италияның білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап, Жетісу университетінің ғылыми-зерттеу қызметін дамытудағы үлесін ерекше атап өтті.
«Жетісу университеті зерттеу қызметін белсенді дамытып жатыр. Оқу орнының Марке политехникалық университеті секілді жетекші шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнатуы өңірді білікті техникалық мамандармен қамтамасыз етудің негізгі факторына айналады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі мамандар тапшылығы мәселесін бірнеше рет атап өтті. Халықаралық серіктестермен ынтымақтастық тәжірибе алмасуға, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға және білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Саясат Нұрбек.
Тараптар студенттер мен оқытушылар алмасу бағдарламаларын, сондай-ақ бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру перспективаларын талқылады. Екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығы да ерекше аталып өтті.
Толығырақ: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/852803?lang=kk
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -