МЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТ: Түркістан облысы, 17 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

МЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

МЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

МЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Бүгін Шымкент қаласындағы Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-да Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг басталды.

Семинарды Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов ашып, медиацияны дамыту жайына тоқталды.– Өркениетті қоғамның іргесі заң болса, тұғыры – құқық. Медиация дегенде ең алдымен дауласушы тараптарды құқықтық жолмен өзара келісімге келтіру, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау мәселесі айтылады.

Бүгінгі семинар-тренингте медиациямен күнделікті практикалық тұрғыда айналысып жүрген мамандардың пікірлерін тыңдаймыз. Әрі баяндалған нақтылы мысалдар арқылы өз тәжірибемізді ұштайтын боламыз, – деді Н.Құрманұлы.

Екі күнге созылатын семинарға қаладағы мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының өкілдері және этномәдени бірлестіктер мен қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдарының мүшелері, медиация кабинеттерінің үйлестірушілері қатысуда.

Семинар-тренингте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің сарапшысы Талшын Италиева, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Этномедиация кеңесінің төрағасы, Ұлттық Құрылтай мүшесі Шерзод Пулатов, психолог-конфликтолог Резеда Баймухаметова сынды жоғары білікті мамандар шымкенттік тыңдаушыларға дәріс оқып, білімдерімен және оң тәжірибелерімен бөлісуде.

Ақпарат көзі: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Бүгін Шымкент қаласындағы Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-да Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг басталды.

Семинарды Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов ашып, медиацияны дамыту жайына тоқталды.– Өркениетті қоғамның іргесі заң болса, тұғыры – құқық. Медиация дегенде ең алдымен дауласушы тараптарды құқықтық жолмен өзара келісімге келтіру, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау мәселесі айтылады.

Бүгінгі семинар-тренингте медиациямен күнделікті практикалық тұрғыда айналысып жүрген мамандардың пікірлерін тыңдаймыз. Әрі баяндалған нақтылы мысалдар арқылы өз тәжірибемізді ұштайтын боламыз, – деді Н.Құрманұлы.

Екі күнге созылатын семинарға қаладағы мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының өкілдері және этномәдени бірлестіктер мен қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдарының мүшелері, медиация кабинеттерінің үйлестірушілері қатысуда.

Семинар-тренингте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің сарапшысы Талшын Италиева, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Этномедиация кеңесінің төрағасы, Ұлттық Құрылтай мүшесі Шерзод Пулатов, психолог-конфликтолог Резеда Баймухаметова сынды жоғары білікті мамандар шымкенттік тыңдаушыларға дәріс оқып, білімдерімен және оң тәжірибелерімен бөлісуде.

Аймақтағы жаңалықтар