Мектепке дейінгі ұйымдардан 1000-нан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы алғаш рет мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуда арт-педагогикалық технологиялар бойынша біліктілікті арттыру курстарын бастады. Бұл курсқа мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінен 1000-нан астам педагог қатысады.
Курстың бағдарламасы мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеуде арт-педагогика әдіс-тәсілдерін қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге арналған.
«Артпедагогика – мектепке дейінгі балалардың сөйлеу және коммуникативтік дағдыланы дамытудың инновациялық әдістерінің бірі. Балалардың қарым-қатынасының басым аспектісі ойын болғандықтан, арт-педагогикалық технологиялардың ішінде әсіресе, ертегі терапиясы, кітап терапиясы, музыка терапиясы, ойын терапиясы, би терапиясы, сурет терапиясы маңызды. Бүгінде курста 669 педагог оқуда», – деп атап өтті «Өрлеу» басқармасының төрағасы Айдана Шилибекова.
Бағдарлама оқытудың әртүрлі әдістерін, түрлерін, оның ішінде практикалық жұмыс пен талқылауды, кейстерді талдауды, көшпелі практикалық сабақтарды ұйымдастыруды көздейді. Курс бойынша оқу осы жылдың қараша айының соңына дейін өтеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -