Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау
Айтылды:2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнінде шаралар кешенін қабылдау (Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы)Орындалды:- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ағымдағы жылдың басынан бері 27 мыңға жуық жаңа орын ашылды;- мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер желісі кеңейтілуде, 2024 жылдың соңына дейін олардың саны 5000-ға жетеді;- мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектептің жұмысындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында баланың жеке даму картасы цифрлық форматқа көшірілді және бастауыш сынып мұғалімдеріне ҰБДҚ базасында қолжетімді болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -