Мемлекет басшысы су тасқынымен күреске белсене атсалысқан атыраулықтарды марапаттады: Атырау облысы, 26 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Мемлекет басшысы су тасқынымен күреске белсене атсалысқан атыраулықтарды марапаттады

Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің кей аймақтарында жарияланған төтенше жағдай кезінде азаматтық борышын жанкештілігімен өтегендерге мемлекеттік наградалар табыстады.

Соның бірі - Атыраудағы «Зағиптар арманы» қоғамдық бірлестігінде іс жүргізушісі Әлия Досмұханова. Ол Президенттің қолынан «Құрмет» орденін алды.

Әлия Сиғуатқызы Досмұханова 1967 жылы 22 сәуірде Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1985 жылы «Ақбидай» АҚ жұмысшы болып бастады. 1993-1998 жылдар аралығында «Соколок» шаруа қожалығында өсімдік өсіруші, 1998 жылы «Салду» макарон цехында макарон шығарушы болып қызмет етті. Жазатайым оқиғадан мүгедек болып қалған. ІІ топ мүгедектігі бола тұра шағын дүкендерде жұмыс жасаған. Қазір «Зағиптар арманы» қоғамдық бірлестігінде іс жүргізуші болып жұмыс істейді.

Ел басына күн туғанда ерікті ретінде алдыңғы саптан көрінді. Үш мезгіл тамақ әзірлеп, күн-түн демей бөгет салып жатқандардың басы-қасында жүрді.

Ал қол күрестен ҚР спорт шебері Асыланбек Ақылбеков «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Асыланбек Мұқтарұлы Ақылбеков 1994 жылы 20 мамырда Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылында дүниеге келген.

2014-2017 жылдар аралығында «Энергомост LTD», «Сенімді Құрылыс ЖШС» мекемесінде жұмысшы болған. 2020 – 2021 жылдар аралығында «Муханова А.Б» жеке кәсіпкерлігінде жұмыс істеген. 2021 жылы қол күрестен «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер» спорттық атағы берілді.

Өңірде төтенше жағдай басталғаны қолына күрек ұстап, жастарды қапшық қаптауға шақырып, арнайы техникаларды негізгі орындарына бағыттап, қарқынды жұмыстар ұйымдастыра білді. Күнде де, түнде де ауыл бойынша кезекшілікке тұрды. Жалғансай ауылының бөгеті жарылғанда ауыл жастарын бірге жұмылдырып, арнайы көмекке келді.

Сонымен қатар жерлесіміз Самат Атабаев «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді.

Самат Галлемұлы Атабаев 1975 жылы 20 тамызда Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінде дүниеге келген.

Еңбек жолын 1994 жылы «Дендер» АҚ III разрядты машинисі болып бастаған. 2018-2019 жылдар аралығында «Жарақыра» ЖШС экскаватор-машинисі, 2020 жылы «ИндерСу» ШЖҚ КМК экскаватор-операторы, 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «ИндерСу» ШЖҚ КМК автокөлік және арнайы техника бөлімінде шынжыр табанды трактор операторы қызметін атқарып келеді.

Кент тұрғындарына көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын арттыруда және ауылды сумен қамтуда өз үлесін қосып келеді. Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтер саласында үлкен тәжірибесі бар маман кәсіби шеберлігін жас мамандармен бөлісіп, ауданның қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысты.

Соколок арнасының координаторы Олжас Сұлтанов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Олжас Абзалұлы Сұлтанов 1989 жылы Атырау облысында дүниеге келген. «CHI» ЖШС-нде бизнесті дамыту директоры.

2024 жылдың 7 сәуірінде облыс аумағындағы төтенше жағдай жарияланған күннен бастап тасқынның алдын алу жұмыстарында белсенділік танытты. Қаланың басты қорғаныс құрылымы саналатын Соколок арнасының жағасын нығайту жұмыстарын атқарды. Аталған жұмыста күні-түні кезекшілікке тұрып, бөгеттердің әлсіз тұстарын нығайту жұмыстарына өз үлесін қосты.

Мұрат Жарылғасов «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді.

Мұрат Тыныштықұлы Жарылғасов 1982 жылы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. №1 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.Су тасқыны кезінде Құлсары қаласында бөгеттерді нығайту, жаға бекіту жұмыстарын ұйымдастырды. Ауданға келген гуманитарлық көмекті рет-ретімен бөліп, әрбір жанұяға жеткізу жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Атырауской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар