Мемлекеттік кірістер департаменті тұрғындарды тауар сатып алу кезінде чек талап ету маңызыдылығын түсіндірді
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге фискалдық чектерді міндетті түрде беру туралы, ал сатып алушылар мен көрсетілетін қызметті алушылардан оларды талап етуді сұрайды.
Чектің болуы сатушыға сапасыз тауарды қайтарған жағдайда да көмектеседі, өйткені ол мәмілені растайды.
– Фискалдық чектер маңызды заңды құжат болып табылады және олар мәміленің күні мен уақытын ғана емес, тауар мен сатушы туралы ақпаратты да көрсетеді. Сондықтан, сапасыз өнімді қайтару қажет болған жағдайда, чектің болуы процедураны едәуір жеңілдетеді. Фискалдық чектер кәсіпкерлерді сатып алушылар тарапынан алаяқтық әрекеттерден қорғай алады, – дейді Қарағанды облысы бойынша МКД түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Бақытгүл Ботпаева.
Заң бойынша кәсіпкерлер фискалдық чектерді тауар немесе қызмет үшін қолма-қол ақша төлеген кезде де беруге міндетті. Бақылау-кассалық машиналарды орнатудан тек қолма-қол ақшасыз жұмыс істейтін кәсіпкерлер босатылады (тек банктегі есеп айырысу шоты арқылы төлеу).
– Қазақстанда осы жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий тоқтатылды. Біз кәсіпкерлерді заңды бұзбауға шақырамыз. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде БКМ қолданбағаны немесе ақаулы, есепте тұрмайтын кассалық машиналарды қолданғаны үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК 284-бабы) және бір жыл ішінде заң бұзушылық қайталанған жағдайда ақшалай айыппұл қарастырылған. Осындай жаза фискалдық чекті бермегені үшін де қолданылады, – деп еске салады Бақытгүл Ботпаева.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -